KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887252
2019 жылы:  20967
бүгiн:  1
қазiр:  33
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.04.2014

   2014 жылы 25 сәуір, сағ. 15.00-де Көрмелер залында көрнекті ұйғыр жазушысы, публицист И.Ә.Иминовтың «Моя Кашгария»  кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шара Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орайластырылған.

   «Моя Кашгария» кітабында автордың Қашқарияға, Турфан және Іле өлкесіне сапары жайлы жол очерктері енгізілген. Автор Қашқария табиғатының бедерлі көріністерін, ежелгі және қазіргі заманғы сәулет өнерін, ұйғырлардың бүгінгі тұрмысы мен кәсібін, сондай-ақ ұйғыр халқының өміріндегі елеулі тарихи оқиғалармен таныстырады. Сол арқылы ол сан қырлы тәлкекті басынан өткерген ұйғыр халқының еңбекқорлығын зор сүйіспеншілікпен суреттей отырып, танымдық-тағылымдық үлгі-өнегесін дәріптейді.
   И.Ә.Иминов 1959 жылғы 12 маусымда Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген соң, туған ауылындағы мектептерде мұғалім, директордың орынбасары болды, ұзақ жылдар бойы Қарғалы орта мектебінің директоры қызметін атқарды. И.Ә.Иминовтың ұйғыр, қазақ және орыс тіліндегі бұқаралық ақпарат құралдарында екі жүзге тарта шығармасы жарық көрді. Оның әңгімелері мен мақалалары «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Алатау» газеттерінде, «Литературная Алма-Ата» альманағында, «Огонек» (Ресей), «Нива», «Мысль», «Простор», «Уйгур РЕN» журналдарында жарияланды. «Мир путешествий» журналы мен «Уйғур авази» газетінің тұрақты авторы.
   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Асқар Әлібек Асылбайұлы ашты.
   Тұсаукесерді Қазақстан журналистика академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Қозыбаев Сағымбай Қабашұлы жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: С.Назарова, Ю.Азаматов, О.Мазбаев,  В. Жандәулетов, Р.Терлікбаев, И.Переверзева.
   Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына және Алматы қаласының кітапханаларына  жаңа басылым сыйға тартылды.
   Тұсаукесерге қоғам қайраткерлері, жазушылар, жоғары оқу орындарының студенттері,  Алматы  қаласы  кітапханаларының  қызметкерлері, БАҚ өкілдері және кітапхана оқырмандары қатысты.

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование