KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062644
2019 жылы:  128179
бүгiн:  2049
қазiр:  32
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.04.2014

   Өнер бөлімінің оқу залында күйші-композитор Оразғали Сүйінбековтің 125 жылдығына арналған «Күмбірлеп өткен күй ғұмыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Сүйінбеков Оразғали (1889-1964) Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданында дүниеге келген. Әкесі Сүйінбек өзінің туған елінде белгілі домбырашы болған. Оразғали домбыраны әкесінен үйренеді. Кейін танымал домбырашыларды тыңдай жүріп, өзінің шеберлігін шыңдап, репертуарын молайтады. Сөйтіп, Оразғали атақшы күйші болады.
   Оразғали Сүйінбеков халық күйлері мен халық композиторларының шығармаларын («Қайран Нарын», «Жұмыр қылыш», «Боз төбе», «Айдарлының Ақжелкені», «Ел айырылған», Жалды қара») орындады. О.Сүйінбеков халық сүйіп тыңдайтын көптеген күйлердің: «Октябрь нұры», «Теңдікті келін», «Тұлпар дүбірі», «Жеңіс күйі», «Көктем шабыты», «Өнер жолында», «Еңбек табысы», «Алтын таулы астанам», «Жігер» және т.б. авторы. Ол танымал күйшілер Абылдың, Еспайдың, Кәуеннің, Арыстанның, Боғданың домбырада орындаушылық дәстүрлерін жалғастырды.

   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Оразғали Сүйінбековтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер ұсынылған.    

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование