KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887231
2019 жылы:  20946
бүгiн:  1
қазiр:  13
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.04.2014

   2014 жылғы 29 сәуір, сағ. 11.00-де Көрмелер залында қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, аудармашы, зерттеуші, публицист  Ж.Аймауытовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Тағылымы зор тұлға» атты әдеби кеш  өтті.

 Ж.Аймауытов 1889 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты «Қызыл ту» ауылында (қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы) дүниеге келген. 1907 жылдан бастап Баянауылдағы орыс мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, екі класты орыс-қазақ мектебінде оқып, Семейдегі мұғалімдер семинариясын бітіреді (1914-1919). Жастайынан араб¬ша хат тану, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерін қатар үйренген. 1911-1914 жылдары ауылда мұғалім, 1919-1922 жылдары Республикалық Халық ағарту комиссариатында алқа мүшесі, Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі,  «Қазақ тілі» газетінің редакторы, 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі, 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінде әдеби қызметкер, 1926-1929 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының директоры қызметтерін атқарады.
   1918-1919 жылдары М. Әуезовпен бірге Семей қаласында «Абай» журналын шығарып, «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, № 2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, № 3), «Сұңқар жыры» (1925), «Аударма туралы» (1925) деген мақалалар жазды. «Тәрбиеге жетекші» (1924), «Психология» (1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926) атты ғылыми еңбектері жазылып, әдебиет, эстетика, сын мәселелеріне байланысты публицистикалық мақалалары жарияланған. «Қанапия-Шәрбану»,  «Мансапқорлар» (1925),  «Рабиға», «Шернияз» (1926), «Қартқожа» (1926), «Ақбілек» (1929) романдарының, «Күнікейдің жазығы» (1928) повесінің және балаларға арналған ертегілер мен әңгімелердің авторы. Жазушының мақалалары «Қазақ», «Сарыарқа» газеттерінде, «Абай» журналында жарияланған. Ж.Аймауытов 1929 жылы тұтқындалып, 1931 жылы ату жазасына кесілген.
   Ол «Интернационал» өлеңінің сөзін, В.Шекспир, В.Гюго, Г.Мопассан, А.Дюма, А.С.Пушкин, Р.Тагор, Н.В.Гоголь, Л.Н.Толстой, Дж.Лондон сияқты атақты әлем әдебиеті өкілдерінің бірқатар ғылыми еңбектері мен шығармаларын қазақ тіліне аударды.
   Елімізде Жүсіпбек Аймауытов есімімен мектептер, еліміздің көптеген қалаларындағы көшелер, Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры  аталып, Баянауыл ауданы Жуантөбе ауылында  ескерткіші орнатылған.

   Әдеби кешті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Гүлжаһан Орда жүргізді.

   Іс шарада  жазушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,  ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, "Парасат" орденінің және "Баспасөз үздігі" атағының иегері С.Ақтаев; Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, құрметті журналист, қажымұқантанушы Ғ.Тәшімбай; С.Д.Асфендияров атындағы Ұлттық медицина  университетінің студенттері М.Борончиев, М.Амалдықова; Алматы полиграфия колледжінің студенті Н.Жаңғабаев; ҚР Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі Н.Асқарбекова  және т.б. Ж.Аймаутовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы қысқаша мағлұмат беріп, өлеңдерін оқыды.

   Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығына арналған  «Тағылымы зор тұлға» атты көркемделген  кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

   Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, жазушылар, жоғары оқу орындарының студенттері,  Алматы  қаласы  кітапханаларының  қызметкерлері, БАҚ өкілдері.

  

  


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование