KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887262
2019 жылы:  20977
бүгiн:  1
қазiр:  37
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

30.04.2014

   2014 жылы 30 сәуір, сағат 15.00-де Көрмелер залында Қазақстандағы Түрікменстан Республикасының мәдени күндері аясында екі елдің мәдениет қызметкерлерінің қатысумен «Қазақ-түрікмен диалогы – ұлттық мәдениет пен әдебиеттің ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 Мәдениет саласындағы қазақ-түрікмен байланыстары ерекше орын алады.  Оның негізін екі елдің бай тарихы, әлем мәдениетіне қосқан қомақты үлесі, бір-біріне рухани бірлігі  құрайды.
  Дөңгелек үстелдің мақсаты – әдебиет саласында тәжірибе алмасу, мәдени мұраны сақтау мақсатында екі елдің достық байланыстарын дамыту және ынтымақтастығын нығайту.

   Іс-шарада ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры Ә.Асқар, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ж.Әшімжан, Қазақстандағы Түрікменстанның Төтенше және Өкілетті елшісі М.Акмырадов, ҚР Ұлттық кітапханасы бас директорының бірінші орынбасары Б.Оспанова, «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының директоры Қ.Қаймақбаева, Орталық мемлекеттік мұражайының ғылыми хатшысы Г.Садыкова, ҚР Мемлекеттік Ә.Кастеев атындағы Өнер мұражайының сектор жетекшісі Н.Ажарова сөз сөйледі.
Кездесуге Қазақстандағы Түрікменстанның Төтенше және Өкілетті елшісі М.Акмырадов, Түрікменстанның Мемлекеттік мәдени орталығының бас директоры К.Гаровов, Түрікменстанның халық жазушысы А.Атабаев және Түрікменстанның шығармашылық делегациясы қатысты.

   Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапхана қорынан қазақ, түрікмен және орыс тілдерінде Түрікменстан Республикасының өнері, мәдениеті, қазіргі өмірі туралы және түрікмен жазушыларының көркем шығармаларының кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    

    

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование