KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062668
2019 жылы:  128203
бүгiн:  2073
қазiр:  23
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.05.2014

   2014 жылғы 4 мамырда, сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы  ғимаратының  алдында еліміздің жетекші баспаларының қатысуымен кітап жәрмеңкесі өтті. Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы мен Қазақстанның баспалары бірлесіп ұйымдастырды.

   Кітап жәрмеңкесінің мақсаты: отандық жетекші баспалардың жарыққа шыққан кітап өнімдерін жұртшылыққа таныту, кітап таралымын арттыру, баспа - кітап - оқырман арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ  қазақ жазушыларының шығармашылығын насихаттау. Осы жәрмеңке арқылы қоғамда кітапқа деген қызығушылықты арттыруға, кітап оқу деңгейін көтеруге ықпал ету.
   Жәрмеңкеге еліміздің ірі баспалары, соның ішінде «Жазушы», «Мектеп», «Қазақстан», «Атамұра», «Жалын», «Білім», «Қайнар», «Өнер» және т.б. баспагерлер қатысып, көркем әдебиеттен бастап, ғылыми-танымдық және ғылыми-көпшілік, тарихи-этнографиялық, салалық, әдістемелік, энциклопедиялық басылымдарды, балалар әдебиетін, т.б. кітап өнімдерін ұсынды.
   Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған заманда кітап оқу, кітап оқу мәдениеті өзекті мәселенің біріне айналды. Кітапқа деген жастардың қызығушылығы азайды. Кейбір кітаптар оқырманға жетпей сөреде жатып қалады. Сондықтан да, кітапты шығарып қана қоймай, олардың жұртшылыққа кең таралуын қамтамасыз ету баспагерлер мен кітапханалардың басты міндеттерінің бірі.

   Кітап жәрмеңкесінің ашылу салтанатында: ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры Ә.Асқар, академик С.Сартаев, "Қайнар" баспасының директоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты О.Сәрсенбаев, журналист, саясаттанушы С.Құттықадам, ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі А.Ахетов, "Раритет" баспасының директоры З.Тен, жас ақын Е.Жүніс және т.б. сөз сөйледі.
   Кітап жәрмеңкесі баспагерлерге өз өнімдерін ұсынып қана қоймай,  оқырмандармен тікелей кездесіп, олардың сұраныстарын, ұсыныс-пікірлерін білді.
   Сондай-ақ, кітап мерекесіне қатысушылар кітап авторларымен, қаламгерлермен жүздесіп, сұхбаттасып, олардың қолтаңбаларын алуды.
   Кітап пен кітап оқуды жарнамалауда және насихаттауда кітап жәрмеңкесі ең тиімді құрал болып табылады, сондықтан да бұл іс-шараның  кітап оқуға қызығушылықты арттыруға, жалпы кітап оқу мәртебесін көтеруге  ықпалын тигізгені сөзсіз.

   Қатысушылар: «Ана тілі», «Қайнар», «Жазушы», «Ел-шежіре», «Мектеп», «Білім», «Қазақстан», «Балауса», «Жалын», «Алаш», «Қазақпарат», «Алатау», «Балалар әдебиеті», «Өнер», «Раритет», «Қазығұрт», «Қазақ энциклопедиясы», «Өлке», «Дайк-пресс», «Арыс», «Жібек жолы», «Ан-Арыс», «Атамұра», «Аруна», «Алматыкітап» баспалары, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы, Алматы қаласының зиялы қауым өкілдері, студенттер мен көпшілік оқырман қауым.

  

  

   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование