KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887302
2019 жылы:  21017
бүгiн:  1
қазiр:  47
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

30.04.2014

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің оқу залында Қазақстандағы Отан қорғаушы күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 2012 жылғы 4 қазанда жыл сайын 7 мамырда аталып өтілетін Отан қорғаушы күні мемлекеттік мерекесін енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы шықты. Осынау күнді атап өту қазақстандық жауынгерлер үшін жаңа дәстүр болуымен қатар, қазақстандықтардың  қаһармандық ерліктерінің шежіресі мен Қазақстан Републикасына қызмет ету дәстүрінің жалғастығын бейнелейді. 
 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру жөніндегі Президенттің 1992 жылғы 7 мамырдағы Жарлығы елдің әскери қауіпсіздігін құрудың құқықтық актісі болды. Елде әскери доктрина және әскерді реформалаудың маңызды мәселелері қарастырылған әскери реформа концепциясы мен әскери құрылыстың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
   Елдің ішкі және сыртқы саясаты құрылымының негізгі іргетасы – қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сондықтан да  қорғаныс мақсатында кез-келген қауіпке тойтарыс беретін, жоғары сапалы заманауи әскер қажет. Қазақстан әскері жыл санап өзінің күшін ұлғайтуда, жауынгерлік әзірліктерін шыңдауда. Қазақстандық жауынгерлердің жас буыны жаңа техника мен қаруларды меңгеріп, тәжірибе алып,  шеберліктерін шыңдауда.
   2013 жылғы 7 мамырда ел тарихында алғаш рет Қарулы күштердің әскери шеруі болып өтті. Бұл әскери шерудің дәстүрлі шеруден басты айырмашылығы қазақстандық әскерилердің  кәсіби шеберліктерін көрнекі көрсетуі болды.
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан  республиканың Қарулы күштерінің тарихы жөнінде, олардың еліміздің қорғаныс қабілеті мен  елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы материалдар, әскери тақырыптағы көркем әдебиеттер мен журналдар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование