KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062791
2019 жылы:  128326
бүгiн:  2196
қазiр:  26
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.05.2014

   2014 жылғы 1 мамырда Алматы қаласының Абай алаңында Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар шеңберінде ҚР Ұлттық кітапханасы «Қазақстан - бірлік пен татулықтың мекені» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

   Қазақстан бүгінде көптеген елдер үшін келісім мен бірліктің үлгісі болып табылады. Республикамыз елдегі шағын халықтардың рухани және тарихи ерекшеліктерін сақтайды. Түрлі ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде тұрып жатқан елімізде Қазақстан халқы бірлігі күні маңызды мерекелердің біріне айналды. Этникааралық төзімділікті  және қоғамдық келісімді сақтау тәуелсіз Қазақстанның ең басты және талассыз  жетістіктерінің бірі болды. Ұлттық бірлікті нығайту біздің еліміз бен халқымыздың жарқын болашағының кепілі болып қала береді.
   Ү.ж. 1 мамырда Алматы қаласының Абай алаңында  әртүрлі мерекелік іс-шаралар: театрландырыған  көріністер, эстрадалық орындаушылардың концерттік бағдарламалары, көркемөнер жұмыстарының  көрмелері, спорттық жарыстар өткізілді. Мерекеге этномәдени орталықтар ғана емес, сонымен қатар зейнеткерлер, студенттер, қала тұрғындары, оңтүстік астана қонақтары да қатысты. Мерекенің ең жарқын сәті¬  келушілерді Қазақстан аумағында тұратын халықтардың ұлттық қолөнерімен, асханасымен және  дәстүрімен таныстырған этномәдени көрме болды.
   Көшпелі кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасындағы Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі қорынан Қазақстан халқының тарихы мен қазіргі  өмірін, мәдениетінің дамуын, дәстүрі мен  өнерін бейнелейтін әдебиеттер ұсынылған. Мерекеге Алматы қаласының әкімі А.С.Есімов қатысып, кітап көрмесімен танысты.

     

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование