KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887255
2019 жылы:  20970
бүгiн:  1
қазiр:  35
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.05.2014

   Әлем әдебиеті бөлімінің оқу залында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 69 жылдығына арналған «Өшпес ғұмыр, өшпес даңқ»   атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы – бұл фашистік Германия және оның одақтастарына қарсы  КСРО халықтарының  азаттық соғысы. 1941 жылғы 22 маусымда жексенбі күні, таң сәріде Германия КСРО-ға шабуыл жасады. Неміс  артиллериясының бірінші дүркінімен «Барбаросса жобасын» іске асыру басталды. Елдің әскери мәнерге қайта құрылуы басталды. Қорғаныс ұрыс қезеңі, Қызыл Әскердің ауыр сәтсіздігі мен шегінуі 1941 жылғы маусымнан желтоқсанға дейін жалғасты.
   Ұлы Отан соғысы барысындағы негізгі бетбұрыс Сталинград түбіндегі жеңіс, 1942-1943 жж. Курск доғасындағы шайқас болды. 1944 жылы қаңтар айынан бастап кеңес жерінен дұшпандар толығымен қуылды, Еуропа елдері құлдықтан азат болып, фашистік Германия сөзсіз тізе бүкті. Ұлы Отан соғысының басты нәтижесі, КСРО халықтарының  өлім қаупін, құлдық пен зұлмат қатерін жою болды. Соғыстың Кеңес Одағына келтірген залалы орасан. Соғыста 27 миллионға жуық кеңес халқы қаза болды.1945 жылғы 9 мамыр –  барлық соғыс ардагерлері үшін ең жарық күн және есте қалатын ең қымбатты күн – Ұлы Женіс күні.   
   Соғыстағы материалдық база қысқа мерзімде қару түрлерінің  өндірісіндегі артта қалуды жеңетін, нақты қажеттіліктерге бірқатар әскери бағдарламалардың сәйкессіздігін  жоятын елдің экономикасын орталықтандыру болды. КСРО-да реттелген әскери шаруашылық құрылды, майдан мен тылдың бірлігіне қол жетті. 134,1 мың ұшақтар, 102,8 мың танктер,  825,2 құралдар мен минометтер  шығарылды. Соғыс жылдарында барлығы 250-ге жуық қорғаныс және шабуыл операциялары өткізілді. Ұлы Отан соғысы майданындағы ерлігі үшін 11000 астам адам Қеңес Одағының батыры атағына ие болды. Оның ішіндегі 100-ден аса азамат екі рет, ал әскери басшы Г.Жуков, ұшқыштар И.Кожедуб және  А.Покрышкин үш рет осы  атаққа ие болған. Барлығы 38 миллионнан аса орден және медаль берілген.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының  қорынан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы, оқырманды қызықтыратын соғыс туралы жаңа деректер, сол жылдардың әскери оқиғалары туралы  шындық пен қиял туралы жаңа кітаптар  ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз ! 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование