KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887274
2019 жылы:  20989
бүгiн:  1
қазiр:  46
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.05.2014

   Көрмелер залында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, мерген, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 90 жылдық мерейтойына арналған «Шығыс шынары – Әлия!» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Әлия Молдағұлова 1924 жылғы 24 сәуірде Ақтөбе облысының Қобда ауданында дүниеге келген.  Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Ленинград қаласындағы (казіргі Санкт-Петербург) № 9 мектепте оқыған. 
 1941 жылы Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген. 1942 жылы өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің мектебін үздік бітіріп шығады. 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түседі. Новосокольники теміржол станциясының маңында болған ұрыста жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты.
  Мәскеудегі №891 орта мектебінде, Новосокольникида, Ақтөбе, Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларында, туған ауылында Ә.Молдағұловаға ескерткіш орнатылған және мемориалдық мұражайлар ашылған. Мәскеу және Санкт-Петербург, ТМД елдері  қалаларындағы және көптеген облыстардағы  ондаған мектептер, көшелер Әлия Молдағұлова есімімен аталады. Оның өмірі мен ерлігі жайлы ақындар Я.Хелемский «Әлияның жүрегі» (1944), С.Жиенбаев «Әлия» дастанын, жазушылар Ж.Жұмақанов «Әлия Молдағұлқызы» (1959), Ә.Нұрмаханова «Шығыс шынары» (1973) повестерін жазды. Батыр қыз туралы кинофильм түсірілген. Балет қойылып, С.Бәйтереков «Әлия» әнін шығарған.
   Көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін Ә.Молдағұловаға КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
   Көрмеде энциклопедиялық және анықтамалық басылымдар, Ә.Молдағұлованың ерлігі жайындағы әдебиеттер ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование