KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887267
2019 жылы:  20982
бүгiн:  1
қазiр:  40
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

06.05.2014

   Мерзімді басылымдар бөлімінің оқу залында  Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық  журналистерге  арналған «Майдандағы журналистер» атты көрме ұйымдастырылды. 

  Бүгінгі күнде майдандағы қазақ баспасы толығымен зерттелмеген, бірақ қырқыншы жылдардың драмалық оқиғалары алыстаған сайын, әрбір құжат және ардагерлердің өз аузынан естіген әңгімелері құнды бола бастайды. Қазіргі кезде майдандық баспа қазақ журналистикасының алтын қоры болып табылады.
  Жұмысшы - Шаруа Қызыл Армиясының бас басқармасының деректері бойынша, 1942 ж. аяғында және 1943 жылы Ұлы Отан соғысы майдандарында және Орта Азия әскери округында Кеңестік Орта Азия және Қазақстан республикалары халықтарының тілдерінде 42 газет және 7 журнал жарыққа шықты. Қазақ тілінде  20-ға жуық  майдандық, әскери және дивизиялық газет, жүзге жуық әскери парақшалары шықты. Майдан баспасының басты мақсаты «жауынгерлердің ар-намысын ояту, жауға қарсы жек көрушілігін арттыру,  Отанын, елін, жерін  сүюге, қорғауға тәрбиелеу және фашистік басқыншыларға соққы беруді ұйымдастыру»- Қызыл Әскердің  бас  басқармасының  насихаты дәл осылай болды.
   Көптеген журналисттер қатардағы жауынгер ретінде соғысып, Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза тапты. Майдан газеттерін, кейін ұлттық руханилық өкілдеріне айналған журналистер: А.Елшібеков, Д.Әбілев, С.Омаров, М.Дінішев, П.Кузнецов, Г.Әбішев, А.Сәрсенбаев, Т.Ашімбаев, К.Бекқожин, С.Сейітов, Ж.Молдағалиев, А.Ипмағамбетов шығарды.  Жалпы барлығы 70-ке жуық журналист. Батыс майданында - «Қызыл әскер ақиқаты»,  Брянск майданында - «Жауды жоюға», Калинин майданында - «Жауға қарсы аттан», Волховск  майданында - «Майдан ақиқаты» және т.б газеттер шықты.
   Генерал-майор Панфилов атындағы 8-Гвардиялық дивизиясында «Отан үшін» газеті шығарылды. Редакцияны Павел Кузнецов басқарды, кейін оны Леонид Макеев пен  Қасым Шәріпов ауыстырды, сондай-ақ осында Жекен Жұмақанов, Диханбай Қосанов қызмет атқарды.

   Көрмеде майдандағы қазақстандық журналистердің батырлығы мен ерлігі туралы және соғыс кезіндегі майдан газеттерінен мақалалар ұсынылған.

   Көрме  көпшілік оқырман қауымға  арналған.

   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование