KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887281
2019 жылы:  20996
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.05.2014

   Өнер бөлімнің оқу залында Қазақстанның халық әртісі Ольга Решетниченконың 100 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.


 Решетниченко Ольга Алексеевна (1914-2003) Украинаның Полтава облысы Кременчуг қаласында дүниеге келген. Балалар театрлары бүкілодақтық байқауларының үш  дүркін лауреаты, өзінің ерекше талантымен жарты ғасырдан астам уақыт көрермендердің қуанышына айналған. Соғыстан кейінгі Алматыға жанұясымен көшіп келгенде, оның Шешен-Ингуш АКСР-ның еңбек сіңірген әртісі атағы, «1941-45 ж. соғыстағы айбынды еңбегі үшін» марапатталған медалі бар еді. Полтава ауылының қызы, сахнаға қатысы жоқ  жұмысшы жанұясынан шыққан қыздың Қазақстанның таңдаулы әртісі «травести» (балалар рөлін ойнаушы) болуы тағдырдың жазуы еді.
   Ольга Алексеевна алғаш рет кәсіби театр туралы оның жанұясы Днепропетровскіге көшіп келгенде білді. Мұнда ол музыкалық-театр техникумына оқуға түсті (1930). Оны Украина театрының ұйымдастырушысы Ирина Девеева байқап, Днепропетровск жасөспірімдер театрының сахнасына шақырды, сол кезде ол атақты режиссер Н.Н.Синельниковпен кездесті. Кейін Донецкіде және режиссер Александр Соломарскиймен ұмытылмас кездесулер болды. Содан соң  Луганск, Симферополь, Саратов, Грозный болды. Грозныйда ол «еңбек сіңірген» атағын алды, арасында әлемге әйгілі Махмут Эсамбаев бар жаңа достар тапты.
   1948 жылдан бастап Алматы жасөспірімдер театрындағы орыс труппасының әртісі қызметін атқарды. Бұл айрықша әртістің елуге дейінгі негізгі амплуасы «травести» (балалар рөлін ойнаушы) болды.  Әрі қарай да ол осы театр сахнасында ұзақ жылдар бойы еңбек етті. Оның қойылымдардағы негізгі рөлдері: Алеша Пешков (М.Горькийдің «Балалық шағы»), Ваня Солнцев (Катаевтың «Полк баласы»), Димка (В.Коростылев пен М.Львовскийдің «Көзге көрінбейтін Димка»), Зоя (М.Алигердің «Шындық туралы ертегісі»), Машенька (аттас пьесада) және т.б. көптеген рөлдер.

   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Ольга Решетниченконың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование