KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887248
2019 жылы:  20963
бүгiн:  1
қазiр:  30
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.05.2014

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің оқу залында қазақ батыры Қарасай Алтынайұлына арналған «Халқын сүйген Қарасай батыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Қарасай Алтынайұлы  (1598-1671) – Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. Қазақтың қаһарман батыры, әйгiлi қолбасшы, тарихи тұлға. Қарасай батыр жоңғарлар мен қазақтардың арасындағы соғыстың енді басталып, екі көшпелі халықтың әскери тактикасы мен стратегиясы  белгілене бастаған  кезеңде өмір сүрді. Туған жерінің тәуелсіздігі үшін шайқасқандардың ішінде  Қарасай Алтынайұлы да болды.
 Қарасай  батыр өзінің ерліктерімен тек қазақ даласына ғана емес, одан тыс   жерлерге де танымал болды. Ол өзінің алғашқы ерлігін он жеті жасында жасады. Ол бір шайқас кезінде жүйрік тұлпарымен жау еліне баса көктеп кіріп, Суықтөбе тауына ту тікті. Бұл жеңістен соң Қарасай бүкіл шапырашты елінің ұранына айналды. 1643 жылы әйгiлi Жәңгiр хан мен  Жалаңтөс батыр бастаған  Орбұлақ шайқасына қатысады. Жоңғардың талай сарбазы Қарасай батырдың қылышынан қаза тапты.  Ол Есім ханның  бас әскери кеңесшісі болды. Қарасай басқа да батырлармен бірге өз аумағының ішіндегі әскери стратегия мен қорғаныс  соғысын  жүргізу тактикасын жасады. Олар жас сарбаздардан құралған жылжымалы жасақтар құрды. Қазақтардың бірыңғай ұлт ретінде отаншылдықтарын қалыптастыру міндеті  Қарасай сияқты  батырлардың үлесіне тиді. Қатал  сынақтарда азап шегуден халықтың бірлігі туындады.
   XVII ғасырда үш ірі қанды шайқастың  болғаны тарихтан белгілі. Бiрiншi Сiбiр-Тобыл шайқасы 1635 жылы болды. Бұл шайқас туралы И.Э. Фишер «Сiбiр тарихы» атты кітабында жазған. Екінші Қарасай батыр өзінің 3 мың  әскерімен қатысып,  керемет ерлiк  көрсеткен Орбұлақ шайқасы 1643 жылы болған. Бұл  шайқас жайында тарихшылар Н.М.Карамзиннен бастап И.Я.Златинге дейiн  әскер тарихындағы бірегей оқиға ретiнде жазды.Үшінші Аңырақай шайқасы  1652 жылы  болды. Қарасай батыр  бұл шайқаста өзін табанды, тапқыр да талантты қолбасшы ретінде көрсетті. 
   Аты аңызға айналған Қарасай батырдың ерліктерін қазақтың атақты ақындары өз шығармаларында жырлаған: Сүйінбай Аронұлы «Қарасай батыр» эпосында және Жамбыл Жабаевтың «Сұраншы батыр» эпосында.  
   Батыр халқының арман-үмітімен өмір сүріп, жастарды соғыс өнеріне баулыды. Ол бір ел, бір  отан ұғымын ұстанып, соған өзінің бар ғұмырын арнаған. Қарасай батыр 1671 жылы қайтыс болып, Көкшетау маңына  жерленді. 2002 жылы Жамбыл облысының  Қордай ауданында ескерткіш қойылды.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан  айбынды да  аты аңызға айналған Қарасай батырдың өмірі мен ұлы ерліктері жайлы әдебиеттер ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование