KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887312
2019 жылы:  21027
бүгiн:  1
қазiр:  45
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.05.2014

  2014 жылы 14 мамыр, сағ. 11.00-де Көрмелер залында Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген кітапханашысы, тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі қоғам қайраткері Н.Қ.Дәулетованы еске алу кеші өтті.

   Н.Қ.Дәулетова 1926 жылы 20 наурызда  Қостанай облысының Урицк ауданында дүниеге келген. Әкесі Дәулетов Қожахмет, қыпшақ руынан, зиялы қазақ Дәулет-қажы Сиқымұлының отбасында туылған.
   1932 жылы отбасымен Челябинск облысының Щадринск қаласына қоныс аударады. 1943 ж. орта мектепті бітіріп, 1943-1947 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық институтында, 1948-1952 ж. Мәскеу мемлекеттік кітапханалық институтында оқыды. 1947-1962 ж. – А.С.Пушкин атындағы Қазақ КСР мемлекеттік кітапханасының (қазіргі ҚР Ұлттық кітапханасы) кітапханатану секторының әдіскері, оқу залының, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі, 1962-1963 ж. – директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, 1963-1987 ж. – кітапхана директоры қызметтерін атқарды. Құрметті демалысқа шыққаннан кейін, 1987-1989 ж. Қазақ КСР Орталық мемлекеттік мұражайының аға ғылыми қызметкері, 1989-1995 ж. Ғ.Мүсіреповтің Әдеби-мемориалдық мұражайының директоры болып қызмет атқарды.
   Н.Дәулетованың жетекшілігімен А.С.Пушкин атындағы Қазақ КСР мемлекеттік кітапханасы республика кітапханалары үшін ғылыми-әдістемелік, зерттеу, үйлестіру орталығына айналды. Кітапхананың жаңа бағыттары ойдағыдай дамып, жаңа үрдістер пайда болды,  механизация мен автоматтандырудың негізгі үдерістері енгізілді. Кітапхана танымал болып, Ресей, Беларусь, Грузия, Украина, Молдавия, Қырғызстан және басқа да бауырлас республикалардың кітап ісі мамандарын тартатын орынға айналды. Н.Дәулетова кітапхана кадрларын дайындауға көп күш-жігерін жұмсады. Оның қатысуымен Алматы қаласындағы Қыздар мемлекеттік педагогикалық институты мен Шымкенттегі Мәдениет институтының кітапхана факультеті жас мамандар даярлап шығарды. Оның 50-ден астам мақалалары тек республикалық емес, халықаралық баспа беттерінде де жарық көрді, ол төрт монографияның авторы.
   Н.Дәулетованың еңбектері бірнеше рет үкіметтік марапаттармен, сыйлықтармен: Ленин және «Құрмет белгісі» ордендерімен, ҚСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің алтын медалімен, герман-кеңес достығы алтын медалімен, Н.К.Крупская атындағы медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, Мәдениет министрлігінің және т.б. құрмет грамоталарымен марапатталды. 1957 ж. оған «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген кітапханашысы» құрметті атағы берілді.
Н.Дәулетова 1999 ж. 73 жасында қайтыс болды. Қостанай облысының Сарыкөл Орталық аудандық кітапханасына оның есімі берілді.
   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директорының 1-ші орынбасары Б.Қ.Оспанова ашты.
   Кеш модераторы - белгілі саясаттанушы, «Мысль» журналының бас редакторы Сейдахмет Құттықадам.
   Кеште Н.Ш.Кирюшина, А.К.Рахимова, Ф.С.Қауашева, А.К.Мәметова, А.Т.Байбульсинова, М.С.Түлешова, К.Т.Қасымжанова, К.А.Қабдолдина, Н.Қ.Дәулетованың қызы Ғ.Ж.Хакимжанова, А.Жолдасов сөз сөйлеп, Назира Қожахметқызының  Қазақстандағы кітапхана ісіне сіңірген еңбегі туралы өз пікірлерін білдіріп, маңыздылығын атап өтті. Еске алу кеші аясында «Назира Даулетова. Память, как напутствие» атты бейне фильм көрсетілді.

   Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Н.Қ.Дәулетованың өмірі мен шығармашылығына арналған «Кітапхана ісіне арналған ғұмыр» атты көрме ұйымдастырылды.

   Қатысушылар: Н.Дәулетованың туған-туысқандары, Алматы қаласының кітапханашылары, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің, Қаскелен мәдениет колледжның студенттері, ҚР Ұлттық кітапханасының оқырмандары, БАҚ өкілдері.

      

      

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование