KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887249
2019 жылы:  20964
бүгiн:  1
қазiр:  30
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.05.2014

   2014 жылғы 16 мамырда  Көрмелер залында «Алматы – Достастықтың мәдени орталығы» атты мемлекетаралық бағдарлама аясында екі ел - Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Коми Республикасы   мәдениет қызметкерлері мен жазушыларының қатысуымен Коми әдебиетінің негізін қалаушы, лингвист, аудармашы және ақын Иван Алексеевич Куратовтың 175 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті.

   Іс-шараның мақсаты – И.А. Куратовтың шығармашылығын ұсыну және оны талқылау, достық байланысты орнату және елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін Коми Республикасының әдебиеті мен  жазушыларымен танысу.
   Іс-шараны  ҚР Ұлттық кітапханасының ,ас директоры Ә.А.Асқар ашты. Дөңгелек үстелді ақын, жазушы,  публицист, «Простор» журналының бас редакторы В.Ф.Михайлов жүргізді. Іс-шарада Г.И.Габушева - Коми Республикасының Ұлттық саясат министрі, Н.А.Мирошниченко - Коми Республикасынын халық ақыны, Ресей Жазушылар одағының мүшесі, Г.В.Бутырева - республикалық әдеби-публицистикалық, тарихи-мәдени, «Арт» көркем журналының бас редакторы, Е.В. Ветошкина (Козлова) - Коми Республикасы Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, А.Г.Попов - Коми Республикасының Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, О.Ю.Елфимов - «Сыктывкар» әкімшілігі мәдени басқармасының бастығы, Стодольская Г.В. - «Сысольский» муниципалдық ауданы муниципалдық білім әкімшілігі мәдени басқармасының бастығы, Иса Ибрагим - қазақстандық  ақын, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты, В.В.Владимиров - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, И.В.Переверзева - Қазақстандағы Ресей Федерациясы Бас консулдығының консулы, С.В.Ананьева - ҚР Білім және ғылым министрлігінің  М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Әлем әдебиеті және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты сөз сөйледі.

   Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан И.А.Куратов туралы әдебиеттер, РФ Коми Республикасы туралы материалдар  ұсынылған кітап көрмесі ұйымдастырылады.

   Іс-шараға Қазақстан жазушылары, славян этномәдени бірлестіктерінің басшылары, ғалым-әдебиеттанушылар, оқытушылар және Алматы қаласының А.С.Пушкин атындағы № 4 гимназиясының оқушылары  қатысты.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование