KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062782
2019 жылы:  128317
бүгiн:  2187
қазiр:  25
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.05.2014

   2014 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Алматы қаласының әкімдігінде Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясына арналған көшпелі кітап көрмесін  ұйымдастырды.   

   Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасындағы Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі қорынан әдебиеттер ұсынылды.
   Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) мемлекеттік ұлттық саясаттың ажырамас, маңызды элементі, мәдениетаралық және этносаралық диалогтың бірегей тетігі, халықтық дипломатияның әрекетті құралы.
   Алматы қаласының ҚХА құрамына 34 этномәдени бірлестік (ЭМБ) кіреді, олардың қызметтері этносаралық келісім мен Қазақстан халқының бірлігін нығайту, ұлыстардың мәдениетін, дәстүрін, тілдерін сақтауға бағытталған.
   Сессия жұмысына – Қазақстан Халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Президент Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі  Ералы Тоғжанов, сондай ақ, этномәдени бірлестік басшылары, ҚХА ғылыми-сараптама тобының, үкіметтік емес ұйымдардың, журналистер клубының мүшелері, БАҚ өкілдері қатысып, кітап көрмесімен танысты.

   Көшпелі кітап көрмесінде Қазақстан халқының тарихы мен қазіргі өмірін, мәдениетін, дәстүрі мен өнерінің дамуын бейнелейтін әдебиеттер ұсынылды. 

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование