KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062826
2019 жылы:  128361
бүгiн:  2231
қазiр:  11
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.05.2014

   2014 жылғы 21 мамыр, сағ. 16.00-де Үлкен залда белгілі ақын, жазушы және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің қатысуымен «Жазушы мен кітаптың қазіргі замандағы рөлі»  атты  шығармашылық кеші өтті.

   Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы, «Олжас кітапханасы» Баспа үйі.

  Жыл сайын Олжас Сүлейменовтің туған күнінде Ұлттық кітапханада Ақынның оқырмандармен кездесу кешін өткізу ізгі дәстүрге айналған. Бұл кездесулер ақын поэзиясына табынушылар мен жырсүйер қауым үшін ақынмен жүздесуге, оның шығармашылық жоспарларымен танысуға мүмкіндік береді.
  О.О.Сүлейменов атап өткендей, Ұлы Оқырманды жаңғырту қажеттілігі ерекше сезіліп отырған бүгінгі күні, біздің қоғамымыздың рухани даму үдерісіне маңызды және қажетті елеулі үлесті «Олжас кітапханасы» Баспа үйі  қосып отыр.
  Оқырман сұранысының деңгейін арттыру үшін баспа үйі әлем әдебиеті классиктерінің және Абай, Шәкәрім, М.Әуезов, М.Жұмабаев, І.Жансүгіров, М.Мақатаев, Б.Майлин, С.Сейфуллин, Қ.Аманжолов, Ғ.Мүсірепов, С.Санбаев және т.б. қазақ жазушыларының шығармаларын жас ұрпаққа жетімді болуы үшін, қазақстандық жастар ұлттық әдебиетке ғана емес, сонымен қатар әлемдік әдеби мұраға тартылу үшін шағын форматта ұсынады.

   Кеш барысында «Олжас кітапханасы» Баспа үйі басылымдарының көрме-сатылымы ұйымдастырылды.

   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Асқар Әлібек құттықтау сөзбен ашты.  Кешті белгілі мәдениеттанушы, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов жүргізді.

  Кеште Д.Накипов, С.Қозыбаев, Л.Гирш, У.Қалижан, Ұ.Есдәулет, Т.Сүлейменов, С.Раева, С.Досанов, Ж.Мұстафина, Л.Коваленко және т.б. сөз сөйледі.

   Іс-шараға белгілі қазақ жазушылары, көрнекті қоғам қайраткерлері, жоғарғы оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары, ҚР Ұлттық кітапханасының оқырмандары, БАҚ өкілдері қатысты.

     

      

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование