KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887233
2019 жылы:  20948
бүгiн:  1
қазiр:  15
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.05.2014

   Әлем әдебиеті бөлімінің оқу залында «Қазіргі шетелдік бестселлерлер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Көрменің мақсаты - оқырмандарды ҚР Ұлттық кітапханасының қорына соңғы екі жылда келіп түскен әлем авторларының жаңа көркем шығармаларымен таныстыру, кітап қорының байлығын ашу, оқырмандардың назарын аудару, шетелдің ең жақсы бестселлерлерін көрсету жолымен оқырмандардың қазіргі әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту.

   Көрмеге көптеген әлем елдерінің көркем әдебиеттері ұсынылған: австралиялық (Грегори Дэвид Робертс «Шантарам»; американдық (Дэн Браун «Код да Винчи», «Точка обмана»; Гэри Дженингс «Ацтек», «Путешественник»; Чак Паланик «Снафф»; ағылшындық (Джоан Роулинг «Гарри Поттер и тайная комната», «Гарри Поттер и принц-полукровка»); бразилиялық (Пауло Коэльо «Алхимик», «Заир»); испандық («Гарсиа Маркес «Любовь во время чумы»); итальяндық (Умберто Эко «Полный назад»); корейлік («История фазана», «Лисий перевал»); немістің (Франц Кафка «Пропавший без вести», «Дневники»); түріктік (Орхан Памук «Снег», «Черная книга»); поляктық (Я.Вишневский «Одиночество в сети»); ресейлік (Акунин Б. «Любовник смерти»; Донцова Д. «Контрольный поцелуй», «Камин для Снегурочки»; Маринина А. «Личные мотивы», «Жизнь после жизни»; Пелевин В.О. «Синий фонарь», «Бэтман Аполло»); француздық (Анри Труайя «Бодлер», «Александр Пушкин»); япондық (Харуки Мураками «Норвежский лес», «Дэнс, дэнс, дэнс») және т.б.
   Оқырмандарға ұсынылған көрмедегі шығармалар - бұл кітап саудасындағы алдыңғы қатарлы, жыл кітабы болып танылған, әртүрлі әдеби сыйлықтардың лауреаттары (әдебиет бойынша Нобель сыйлығы, Нейштадтық әдеби сыйлық, Букер  және т.б.) және экранға түсірілген шығармалар.

   Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан көптеген әлем елдері авторларының  жүзден аса шығармаларының орыс тіліндегі аудармалары ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование