KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887299
2019 жылы:  21014
бүгiн:  1
қазiр:  46
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.05.2014

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Қазақстан Республикасының Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   ҚР Президентінің 2013 жылғы 26 қарашадағы Жарлығымен мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі 21 мамыр күні болып бекітілді, мереке 2012 жылы қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтілді.
   Мереке қазіргі қазақстандық қоғам өмірінде көпұлтты мәдениет пен өнердің маңызды рөлін айқындайды.
   Қазақстанның астанасы Астана қаласы әлемнің мәдени картасында лайықты орын алады. Қала «Шабыт» жастар шығармашылық фестивалі, цирк өнерінің халықаралық байқаулары «Эхо Азии» және опера өнерінің «Опералия» сияқты ірі байқауларына бастама болды. Біздің еліміз «Шәкен жұлдыздары», «Евразия», «Азия дауысы» және т.б. өзінің фестивальдарымен танымал.
   Оңтүстік астана Алматы қаласы мәдени оқиғаларға бай. Ғажап сәулет құрылыстары, көркемөнер галереялары, тамаша театрлар, концерт залдары бар. Бүкіл әлемге танымал өнер және мәдениет қайраткерлері дәл осында тұрып, шығармашылықпен айналысуда.
   Мереке қарсаңында мәдениет және өнер қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өткізіледі. Мемлекет басшысы осы салада айрықша көзге түскен қайраткерлерге мемлекеттік наградалар мен грамоталар тапсырады.
   Мереке күні қазақ мәдениетін дәріптеуге бағытталған түрлі мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі, мұражайлар мен кітапханаларда көрмелер ұйымдастырылып, қазақстандық эстрада жұлдыздарының және мәдени мекемелердегі шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттер өткізіледі.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан тарих, жаңару, Қазақстан мәдениеті мен өнерін сақтау және дамыту жөніндегі материалдар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование