KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887272
2019 жылы:  20987
бүгiн:  1
қазiр:  44
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.05.2014

   2014 жылғы 27 мамыр, сағ.15.00-де Үлкен залда эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиеваның 60 жылдығына орай еске алу кеші өтті.

   Ералиева Мәдина Есмалайқызы (1954-2000) – Қызылорда облысының Қазалы ауданында дүниеге келген. 1974 жылы Қызылорда педагогикалық училищесінің музыка бөлімін, 1978 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыка факультетін бітірген. 1978-84 ж. Әдебиет және өнер институтында қызмет атқарды. 1985 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы облыстық филармониясының жеке орындаушысы болып жұмыс істеді.
  Мәдина Ералиева қайталанбас дауыс, орындаушылық шебер иесі болды. Ол өзіндік орындау ерекшелігімен халық әндері мен лирикалық әндерді тыңдармандарына айрықша жеткізе білді. Өзінің шығармашылық қызметінде көп жылдар өз халқының алдында үлкен жетістіктермен әндерін орындап, гастрольдік сапарлармен көптеген шет елдерге барды. «Айқаракөз», «Күрең күз», «Кірмеші жиі түсіме», «Ақбаян», «Жылқы ішінде ала жүр», «Сағым жылдар» және т.б. әндерді орындады. 

   Кеш аясында Мәдина Ералиеваның өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақтың Ақбаяны» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Кешті М.Ералиеваның жақын досы, қызметтесі  Т.Оразалиев жүргізді.  

   Еске алу кешінде ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры Ә.Асқар, жазушы, драматург Д.Исабеков,  ақын Ш.Сариев, композитор В.Питерцев  жақын құрбысы Г.Байбосынова, туған сіңілісі С.Ералиева, ұлы А.Ералиев, белгілі қазақстандық әртістер мен композиторлар Г.Даукенова, М.Ілиясова, М.Омаров, М. Ілиясов, М.Түсіпбаева сөз сөйледі.

   Кітапхананың Үлкен залына М.Ералиеваның туыстары, достары және әншінің табынушылары, ҚР Ұлттық кітапханасының  оқырмандары, БАҚ өкілдері жиналды.

   Іс-шара ҚР Ұлттық кітапханасының Өнер бөлімі жанындағы «Інжу-маржан» клубы аясында өткізілді.

    

    

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование