KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887257
2019 жылы:  20972
бүгiн:  1
қазiр:  34
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

30.05.2014

   2014 жыл 30 мамырда сағ. 09.00-де «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқырман залында Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Азалы тарихқа тағзым» атты кітап көрмесінің материалдары бойынша кітапхананың жас мамандарына арналған тақырыптық шолу өтті.

 Бұрынғы Кеңес Одағы елдерімен қатар, Қазақстан үшін де саяси-қуғын сүргін жылдарында жазықсыз жапа шеккен мыңдаған адамдардың өмірі халықтың мәңгілік есінде қалады. «Халық жауларын» анықтау қатаң саясатының нәтижесінде миллиондаған адамдардың тағдыры қиылып, балалар ата-анасынан айырылды. Көптеген халықтар өзінің шыққан тегіне, әлеуметтік, ұлттық, діни және басқа да белгілеріне қарай қатаң репрессияның зардабына ұшырады.
   Қазақстан территориясы кеңес азаматтарын жаппай депортациялау орны болды. Корейлер, немістер, поляктар, гректер, түріктер, шешендер, татарлар, қалмықтар және басқа да этностарды күштеп көшіру жүргізілді. 1931 жылы  Қарағанды еңбекпен түзеу лагері – Карлаг және отанына опасыздық жасағандардың жұбайларына арналған  Ақмола еңбекпен түзеу лагері – АЛЖИР құрылды. Онда репрессияға ұшырағандардың жарлары, аналары мен қарындастары жазасын өтеді.
   1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси-қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы»  Заңы Тәуелсіз Қазақстанда ең алғашқы қабылданған заңдардың бірі болды. 
   ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні 31 мамырда аталып өтіледі. Бұл күні жаппай саяси қуғын-сүргін жылдарында қаза тапқандар мен құрбандарын еске алуға арналған іс шаралар өтеді: репрессияға ұшырағандардың ескерткіштеріне гүл қойып тағзым ету, сурет көрмелері, кинотеатрларда деректі фильмдер көрсету, оқу орындарында «еске алу сабақтарын» өткізу және т.б. 

   Тақырыптық шолудың мақсаты - кітапхананың жас мамандарын еліміздің ең қасіретті кезеңінің тарихымен, 1920-1950 жылдар аралығындағы жаппай саяси қуғын-сүргіннің  зардабымен таныстыру болды.

    «Қазақстан кітаптары» бөлім қызметкерлері: Қ.Қасымбекова, А.Қашағанова, Л.Абдрахманова және А.Шынжырбай сол кезеңдегі тоталитарлық жүйенің құрбандарының тағдырына қатысты әдебиеттерді кеңінен насихаттады.  

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование