KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062581
2019 жылы:  128116
бүгiн:  1986
қазiр:  27
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.05.2014

   Көрмелер залында «Достастықтың мәдени астаналары» бағдарламасы аясында «Алматы 2014 - Достастықтың мәдени астанасы» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  «Достастықтың мәдени астаналары» мемлекетаралық бағдарламасы мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту және Достастық халықтарының мәдениеті арасындағы диалогты жаңғырту мақсатында 2012 жылы қабылданған болатын.
  2013 жылғы қазан айында Минскіде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдері мемлекет басшыларының кеңесінде, 2014 жыл Алматы қаласы ТМД елдерінің  мәдени астанасы болып шешім қабылданды. Мемлекетаралық бағдарлама «Достастықтың мәдени астанасы» мәртебесін алған, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің астана емес қалаларында Достастық мемлекеттерінің шығармашылық ресурстарын жыл сайын топтастыруды болжайды және осының негізінде мәдени және гуманитарлық шаралардың жарқын, бай және алуан түрлі палитрасын құруды көздейді. Ол қалалардың мәдени өмірін жандандырады және бір мезгілде жұртшылықты пост кеңестік кезеңінде мәдениет саласында болып жатқан жетістіктермен таныстыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту және Достастық халықтарының мәдениеті арасындағы диалогты жаңғырту, экономикалық ынтымақ¬тастықтың негізін қалауға, халықаралық аренада Достастықтың мәртебесін көтеруге бағытталған.
   Алматы бұрыннан өзінің Қазақстанның мәдени астанасы мәртебесін берік бекіткен, алайда ТМД-ның басты мәдениет орталығы ретінде алғаш рет шығып отыр.
   «Алматы - Достастықтың мәдени астанасы» жылы тәжірибе алмасуға, қазіргі мәдениет дамуының бағыттары мен негізгі тенденцияларын анықтауға, сондай-ақ мемлекетаралық байланыстарды күшейтуге мүмкіндік береді.

   Көрмеде энциклопедиялық және анықтамалық басылымдар, Алматы тарихы туралы, мәдени орталықтар және көрікті орындар жайындағы әдебиеттер ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование