KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887246
2019 жылы:  20961
бүгiн:  1
қазiр:  28
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.05.2014

   2014 жылғы 27 мамырда халықаралық мәдени  және  ғылыми  өзара әрекеттестігі аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Татарстан Ұлттық Ғылым академиясының Г.Ибрагимов атындағы Тіл, әдебиет және өнер институтының өкілдері сапармен келді.

   Кітапхана қонақтарын - халық фольклоры бөлімінің ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Закирова Илсеяр Гамиловна мен текстология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Мухаметшин Зуфар Гумаровичті ҚР Білім және ғылым министрлігі  М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Талдау және сыртқы әдебиет байланыстары бөлімінің меңгерушісі Ананьева Светлана Викторовна таныстырды.   
   Сапар мақсаты – Қазақстанның бай кітаби, құжаттық және рухани мұрасымен, ҚР Ұлттық кітапханасының қорлары мен ресурстарымен танысу. Татарстаннан келген қонақтарды Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийінің қызметі және кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің бірегей қоры ерекше қызықтырды.

   Кездесу барысында татар ғалымдарына  қазақстандық зерттеушілердің ғылыми еңбектері мен ҚР Ұлттық кітапханасының сирек қорынан каталогтар сыйға тартылды.

       

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование