KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887316
2019 жылы:  21031
бүгiн:  1
қазiр:  41
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

30.05.2014

   Мерзімді басылымдар бөлімінің оқу залында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» атты көрме ұйымдастырылды.

   Халықаралық балаларды қорғау  күні - бұрыннан келе жатқан  халықаралық мерекелердің бірі. Оны өткізу тарихы  1925 жылы Қытайдың Сан-Францискодағы бас елшісінің  қытайлық  жетім балалар тобын жинап, оларға Дуань-у цзе («Айдаһарлар   қайығы» фестивалі) мерекесін өткізуінен басталады және бұл күн 1 маусымға тура келеді. Тағы бір бақытты сәйкестік бойынша Женевада балалар өмірі мен денсаулығын қорғау мәселесіне арналған конференция да осы күні өтеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, балалар жағдайының маңыздылығы ескеріліп, 1949 жылы Парижде балалар бақытының жалғыз кепілі ретінде берік бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін тоқтаусыз күрес туралы ант берілген  Әйелдер конгрессі өтті. Сол жылы Москвада өткен сессияда Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының кеңесі 2-ші конгрестің шешіміне байланысты осы мейрамды бекітті. 1950 жылдың 1 маусымында Халықаралық балаларды қорғау күні бірінші рет аталып өтті, содан бері бұл мейрам жыл сайын өткізіліп келеді.
   Көрменің мақсаты - адамгершілікті және әділетті қоғамды қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар ретінде балалар құқықтарын, ой-пікір мен дін бостандығы, білім алу, дем алу мен бос уақыт, денелік және психологиялық жәбірлеуден қорғау, балалар еңбегін  қанаудан қорғау құқықтарын сақтау қажеттілігі туралы үлкендерге ескерте отырып, оқырмандарды тақырыптық көрмемен таныстыру. Балаларды қорғау күні дүниежүзі балаларының жағдайына назар аудару мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіледі.
   Көрмеге көпшілік газеттер, іс-шаралардың сценарийлері, көркемдеп безендірілген материалдар, қазақстандық авторлардың мақалалары мен ғылыми еңбектері: «Бала мен балабақша», «Бала тәрбиесі», «Мектептегі мерекелер», «Отбасы және балабақша», «Оқыту-тәрбиелеу технологиясы», «Дошкольное образование и воспитание», «Воспитание в семье и школе», «Балапан бағы», «Дәстүр», «Доброго здоровья» т.б. жарияланған  ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журналдар ұсынылған.

   Көрмеге шақырамыз!


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование