KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887288
2019 жылы:  21003
бүгiн:  1
қазiр:  44
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.06.2014

2014 жылы 5 маусымда сағ.15.00-де Әлем әдебиеті бөлімінің оқу залында Қазақстан  Республикасындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы ҚР Ұлттық кітапханасына кітаптарды сыйға тарту рәсімі өтті.

   Жыл сайын орыстың ұлы ақыны А.Пушкиннің туған күні қарсаңында Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы ҚР Ұлттық кітапханасында 2006 жылы ашылған Ресей кітап бұрышына жаңа құнды кітаптар топтамасын табыстау рәсімін өткізді. Ұлттық кітапханаға 100-ден аса Федералдық арнайы бағдарламасы бойынша: «Русский язык», «Пере¬крестки истории», «Высшее образование» және т.б. сериялармен жарыққа шыққан кітаптарды электрондық басылымдарды сыйға берді. Ресей Федерациясының консулдығы алғашқы рет Ресей өлкесі Алтай жері туралы әдебиеттер ұсынды. Сыйға тартылған кітаптар біздің оқырмандарымыз үшін ғылыми, әдеби құндылықтары мол және ресейлік авторлардың тарихи, мәдени, ғылыми және өнер саласындағы еңбектерімен танысуға мүмкіндік береді. Шарада Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығының консулы И.В.Переверзева, ҚР Ұлттық кітапханасы Бас директорының орынбасары А.Х.Юсупова және кітапхананың тұрақты оқырмандары А.Смағұлұлы, К.Бақытовтар сөз сөйледі. Рәсімге студенттер  мен оқытушылар, Алматы қаласының жоғары оқу орындары кітапханаларының өкілдері  қатысты.

 Іс-шара аясында «Пушкиннің мәңгілік әдеби әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Көрмеге ҚР Ұлттық кітапхана қорынан ұлы ақынның шығармашылығы туралы әдебиеттер, шығармалары, шетел зерттеушілері – пушкинистер – Томас Шоу, Я.А.Мильнер-Иринина, М.Армалинскийдің ғылыми еңбектерімен қатар басқа авторлардың орыс, қазақ, ағылшын, неміс, украин, молдаван және көптеген т.б. тілдерінде әдебиеттер ұсынылған.

      

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование