KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062267
2019 жылы:  127802
бүгiн:  1672
қазiр:  37
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.06.2014

   Әлем әдебиеті бөлімінің оқу залында Медицина қызметкерлері күніне орай «Саламатты Қазақстан» атты  медициналық жаңа әдебиеттер мен сонымен байланысты пәндерге арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Медицина қызметкерлерінің күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы 15 қарашадағы Жарлығы бойынша маусымның үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Бұл мереке – халық денсаулығын сақтауға және күшейтуге өз үлестерін қосып келе жатқан медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл мерекені тек қана медицина қызметкерлері ғана емес, адам өмірін сақтап қалуға себепші басқа да – инженерлер, жаңа емдік және диагностикалық құралдарды шығаратын технологтар, сонымен қатар химиктер, биологтар, лаборанттар, санитарлар және т.б. атап өтеді.
   Қазіргі кезде дәрігер мамандығы барлық жерде қажет. Жаңа заманғы денсаулық сақтау саласы  мен дәрігерлердің бар күші адам денсаулығын арттырып, сақтандырып қана емес, олардың ұзақ өмір сүруіне  бағытталған.

   Кітап көрмесіне 200-ден аса жаңа медицина, фармакология, био және жаңа технологиялар жайлы кітаптар, сонымен қатар ҚР Ұлттық кітапханасының қорына соңғы екі жылда келіп түскен әлемдік және ресейлік медицина ғылымының әдебиеттері ұсынылған.

   Барлығыңызды көрмеге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование