KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887319
2019 жылы:  21034
бүгiн:  1
қазiр:  39
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.06.2014

   Әлем әдебиеті бөлімінде белгілі орыс ақыны Анна Андреевна Ахматованың туғанына 125 жыл толуына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 А.А.Ахматова - XX ғасырдағы ең әйгілі орыс ақындарының бірі, әдеби сыншы және аудармашы, ол 1889 жылы 23 маусымда Одесса қаласына жақын жерде флот инженерінің отбасында дүниеге келген, шын фамилиясы Горенко. Әкесі оның поэзиямен әуестенуіне қарсы болды, сол себепті ақын татар княжнасы болған үлкен әжесінің фамилиясына жазылып, Ахматова болды. Ахматова Лев Толстойдың әліппесі бойынша оқып-үйренгенін есіне алатын. 5 жасында өзінен үлкен балалармен айналысқан мұғалімді бірге тыңдап, француз тілін үйренді. Оның балалық шағы Царское Селосында өтті, ол жерде сүйіктісі Н.Гумилевті кездестірді. Киевте Жоғарғы әйелдер курсын, кейін Петербургте Жоғарғы тарихи-әдебиет курсын бітірді.
   1910 ж. Н.Гумилевке тұрмысқа шығып 1912 жылы ұлы Лев Николаевичті дүниеге әкелді. Ахматованың белсенді әдеби қызметі 1910 жылы басталды. 1912-1922 ж. «Вечер», «Четки», «Белая стая», «Подорожник», «Anno Domini MCMXXI» жинақтарын шығарды. Ол 1917 жылғы Октябрь революциясына сыни көзқараста болғанымен, Россиядан кетпеді, бірақ жаңа өкіметтің қудалауына ұшырады.
   1924 жылдан бастап оның еңбектерін жарыққа шығармады. 1926 жылы екі томдық өлеңдер жинағы жарыққа шығуы керек еді, бірақ, машақатына қарамастан, басылым жарыққа шықпады. 1940 жылы ғана кішігірім жинағы «Из шести книг» басылып шықты, кейін екі жинағы «Стихотворения» (1961), «Бег времени» (1965) басылып шықты.
   Ұлы Отан соғысы жылдары біршама патриоттық өлеңдер жазды. 1948 ж. бас идеолог Ждановтың (Ленинград Обком партиясының 1-ші хатшысы) орынсыз айыптауына ұшырап, Советтік жазушылар одағынан шығарылды. Ахматованың тағдыры өте ауыр болды, қуғынға ұшырап, өзі тұтқынға алынбаса да, оның ең жақын адамдары қатал жазаға тартылды. Ақынның бірінші күйеуі Н.С.Гумилев 1921 ж. жазаға тартылды. Үшінші күйеуі Н.Н.Пунин үш рет тұтқындалып, лагерьде қаза тапты. Ақынның  ұлы Лев Гумилевте 10 жыл қамауда болды. Оның барлық күйініші мен жан азабы ақынның белгілі «Реквием» (1935 - 1940) шығармасында анық көрсетілген.
   А.Ахматова XX ғасырдың классик ақыны болса да, ол ұзақ уақыт қудалауда болды. Оның көптеген шығармаларын ол қайтыс болған соң да басып шығаруға тыйым салынды.
   А.Ахматованың есімі 1960 жылдары ғана әлемге таныла бастады. Оның өлеңдері итальян, ағылшын және француз тілдеріне аударылып, шет елдерде оның  поэтикалық жинақтары шыға бастады. Ахматоваға 1962 жылы оның қызметінің 50-жылдығына және Италияда оның таңдаулы шығармалар жинағының жарыққа шығуына орай «Этна-Таормина» атты дүниежүзілік поэтикалық сыйлығы тапсырылды. Ол 1965 ж. Оксфорд университетінің құрметті докторы дипломын алды.  
   Анна Андреева 1965 жылы күз айында төртінші инфаркт алды, 1966 жылы 5 наурызда Москва түбіндегі кардиологиялық санаторийде қайтыс болды және Ленинградқа жақын зиратқа жерленді.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапхана қорынан А.А.Ахматованың шығармалары мен оның өмірі мен шығармашылығы жайлы әлем тілдерінде әдебиеттер ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование