KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887266
2019 жылы:  20981
бүгiн:  1
қазiр:  40
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.06.2014

   Мерзімді басылымдар бөлімінің оқу залында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай көрме ұйымдастырылды.

   БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының шешімі бойынша 26 маусымда жыл сайын есірткіні асыра пайдаланудан еркін халықаралық қоғам құруға бел байлағанның белгісі ретінде Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналымымен күрес күні атап өтіледі. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі №451 Қаулысымен Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған Салалық бағдарламасы енгізілді. Көптеген жағымсыз әлеуметтік жағдайларды тудыратын наркологиялық аурулар қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Солардың ішінде, нашақорлықтың, әсіресе, жастар арасында таралуы салдарынан халық денсаулығының жалпы жағдайының төмендеуі және ілеспе инфекциялық аурулар, елдің демографиялық қорының түсуі орын алды. Халықаралық күн, есірткіге қарсы Бүкіләлемдік кампанияларды қолдау ретінде, ой-пікірін жеткізуге бірегей мүмкіндік береді. Бұл күні мемлекеттер  үкіметтерімен, қоғамдық ұйымдармен есірткі қауіпі туралы ақпараттандыру деңгейін арттыруға бағытталған түрлі насихаттық іс-шаралар өткізіледі.
   Көрмені ұйымдастырудың мақсаты - жастар мен жасөспірімдердің өзінің денсаулығына қауіп туғызбай, жауапкершілігін қалыптастыратын  қолайлы психологиялық және әлеуметтік шарттарды туғызуға қазақстандық қоғамның назарын аудару болып табылады.

   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан қазақстандық және ресейлік газет-журналдардағы адамзатқа нашақорлықтың зардабы туралы ақпараттар, салауатты өмір жайлы, есірткіні қолдануға қарсы тұруға міндетті  дағдыларды қалыптастыру туралы мақалалар мен материалдар ұсынылған.

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование