KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887270
2019 жылы:  20985
бүгiн:  1
қазiр:  42
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

30.06.2014

    2014 жылғы 30 маусым, сағ. 15.00-де Көрмелер залында Астана күніне орай үш томдық «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН: ҚАЗІРГІ ЗАМАН ӘДЕБИЕТІНІҢ АНТОЛОГИЯСЫ» кітабының тұсаукесері өтті.
   Бұл іргелі басылым Қазақстан Жазушылар одағы (төрағасы Нұрлан Оразалин), «Тәржіман – Әдеби аудармашылар одағы» (төрағасы Қайрат Бақбергенов),  белгілі түркітанушы ғалым, жазушы Немат Келімбетов атындағы Қор және Ресей Жазушылар одағының (басқарма төрағасы Валерий Ганичев) қатысуымен дайындалып, үстіміздегі жылдың басында Мәскеуде «Художественная литература» баспасынан жарық көрген еді. Халықаралық баспа жобасының жетекшісі - Қайрат Келімбетов, құрастырушылар: Райхан Мәженқызы, Георгий Пряхин, суретшісі Жеңіс Какенұлы.
   
   Тәуелсіз Қазақстан кезеңін қамтыған бұл антологияның АЛҒАШҚЫ ТОМЫ -  «ДОМБЫРА МЕН БЕСІК» деп аталып, ол тұтастай балалар әдебиетіне арналып отыр. Мұнда ертегілер, жұмбақтар, әңгімелер, повестер - өмірдің ұлы құндылықтары – қайырымдылық, махаббат, аяушылық, адамдарға, туған табиғатқа деген мейірімділік бастауларына үндейді. Қазақстанның түрлі этнос авторларын - бүлдіршіндер мен жасөспірім оқырмандарға деген  шынайы сүйіспеншілік, нәзік қарым-қатынас біріктіреді.
   Антологияның «ЖУСАН ИІСТІ ЖҰМАҚ ӨЛКЕ» атты ЕКІНШІ ТОМҒА қырықтан астам көрнекті прозашылардың шығармалары енген. Олардың соңғы онжылдықта жазған повестері, әңгімелері, эсселері - көпұлтты Қазақстанның тарихымен,  мәдениетімен,  салт-дәстүрімен таныстыра отырып, адамзат болмысының мәңгілік  мәселелері – махаббат пен азап, даналық пен батырлық, сенім мен сатқындық, жауыздық пен қайырымдылық тақырыптарын арқау етеді.
   Антологияның «ҒАСЫРЛАРҒА ЖОЛ ТАРТҚАН ЖАҚҰТ ЖЫРЛАР» деп аталатын ҮШІНШІ ТОМЫ түгелдей поэзияға арналған. Томдықта тәуелсіз елдің сексеннен астам ақындарының тамаша өлең-жырлары ұсынылған. Олардың арасында елімізге бұрыннан қоныстанып, Қазақстан туған отанына айналған басқа ұлт өкілдері де жеткілікті. Мұнда ұлттық поэзиямыздың ақсақалдары да, әдебиет есігін жаңадан ашқан талантты жас ақындар да бар. Жинақта поэзияның ежелгі арналары –  табиғат лирикасы, сұлулыққа іңкәрлік, махаббат пен достық жырлары кеңінен таратылады. Өлеңдердің көпшілігі  орыс тіліне алғаш рет аударылып отыр.

  Тұсаукесерді  ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы  Әлібек  Асқар жүргізді.

   Іс-шарада сөз сөйлегендер: Қайрат Келімбетов, Георгий Пряхин, Сұлтан Сартаев, Дулат Исабеков, Смағұл Елубай, Светлана Ананьева, Бақытжан Қанапьянов, Шөмішбай Сариев, Маралтай Ыбраев, Қайрат Бақбергенов.

  Тұсаукесер соңында кітаптарға шығармалары енген авторларға немесе олардың мұрагерлеріне, сондай-ақ Алматы қаласының кітапханалары мен БАҚ өкілдеріне үш томдық антологиясы сыйға тартылды. 

   Еліміздің мәдени-рухани өміріндегі бұл айтулы іс-шараға «Художественная литература» баспасының директоры, академик Георгий Пряхин, мемлекет және қоғам қайраткерлері Қайрат Келімбетов, Сұлтан Сартаев, Аманжол Қошанов, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасының орынбасары Маралтай Ыбраев, ақын-жазушылар Бексұлтан Нұржеке, Шерубай Құрманбайұлы, Уәлихан Қалижанов, Дулат Исабеков, Смағұл Елубаев, Райхан Мәженқызы, т.б. көптеген зиялы қауым өкілдері қатысты.     

                     

                         

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование