KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887224
2019 жылы:  20939
бүгiн:  1
қазiр:  7
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.07.2014

   2014 жылғы 11 шілде, сағат 10.00-де ҚР Ұлттық  кітапханасында ҚР мәдениет саясаты тұжырымдамасының жобасын қоғамдық талқылау аясында  «Қазақстан Республикасының мәдени саясатын жүзеге асырудың негізгі принциптері мен механизмдері» атты дөңгелек үстел өтті. 

    Ұйымдастырушылар: Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты, ҚР Ұлттық кітапханасы.

   Мәдениет саясатының ұзақ мерзімді тұжырымдамасы (әрі қарай Тұжырымдама) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын жүзеге асыру негізінде жасалған.
Жаңа мәдениет саясатында Елбасы ұсынған, Қазақстан халқын өзінің бай мәдени мұрасы мен  шығармашылық әлеуетін бірлестіре отырып, әлемнің 30 дамыған елдерінің қатарына кіруді көздеген «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы стратегиялық басымдыққа ие болып отыр.
   Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – елде бірыңғай көпұлтты мәдени кеңістікті дамыту, бәсекеге қабілетті мәдени орта қалыптастыру, заманауи мәдени кластерлер құру.
Бүгінгі күні мәдениет пен мәдени әлеуетті дамыту - көптеген елдер мен мемлекеттердің дамуы барысында ең маңызды басымдыққа ие. Мәдениет дамуының деңгейі, тиімді жұмыс істейтін, ұлттық және әлемдік мәдени мұралардың сақталымы мен баюын қамтамасыз ететін мәдениет институттарын инфрақұрылымы мен механизмдерінің болуы, сапалы мәдени құндылықтарды жасау және пайдалану, жемісті мәдени алмасу және жеке тұлғаның рухани-шығармашылық дамуы - жетістікке жету жолындағы маңызды критерийлер.  
   Мәдениет саясаты  – бұл қоғамның негізгі құндылықтарын қалыптастыратын  әрбір табысты мемлекеттің идеологиялық платформасы. Мәдениет саласындағы жетістіктер тек ведомстволар мен мәдениет басқармаларының жұмысымен, статистикалық көрсеткіштер мен атақты адамдардың санымен өлшенбейді.
Қоғамда қалыптасып қалған, мәдениет деген демалыс пен ойын-сауықтың бір саласы деген стереотипке қарамастан, мәдениетті, ең алдымен, ұлттық идеология мен  рухани дамудың және әлемдік кеңістіктегі елдің алатын орнын анықтайтын пәрменді құралы ретінде қарастыруымыз қажет.
   Мәдениетті жаңа заманға лайықты етіп қабылдауға қадамдар жасау үшін әлеуметтік-мәдени орта қалыптастыру керек. Ол ортада қоғамның шығармашылық белсенділікке көзқарасы өзгеріп, оны тұлға, бизнес және жалпы мемлекет жетістіктерінің негізгі  факторы ретінде қарау пайда болады. Мұндай жағдайда дәстүрлі мәдени ортаны түбегейлі өзгерту керек: басты орынға креативтілік пен бәсекеге қабілеттілік шығады.
  Мәдениет саласы бизнес-бастамаларға арналған өнердің белгілі бір салалары мен мәдениет ұйымдарын пайдалы (рентабельді) деңгейге алып шығуға мүмкіндік беретін инвестициялық салаға, экономиканың маңызды факторына айнала алады. Мысалы: киноиндустрия, анимация, цирк өнері, концерт, театр ісі және т.б.
   Тұжырымдаманың Жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында, Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы өкілдері мен шығармашылық одақтардың қатысуымен «Нұр Отан» партиясына қарасты «Мирас» қоғамдық кеңесінің дөңгелек үстелінде талқыланды.

  Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Асқар Алибек Асылбайұлы ашты.
  Модераторы:  философия ғылымдарының докторы, мәдениеттанушы, ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра мәселелері бойынша сарапшысы Наурызбаева Альмира Бекетқызы.
  Cөз сөйлегендер: ҚР Мәдениет министрлігінің талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры М.Р.Абсаттаров, РК ҚазҒЗМИ бас директорының бірінші орынбасары, (PhD) философия докторы А.Р.Хазбулатов, өнертану кандидаты, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры О.В.Батурина, өнертану кандидаты, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры Н.Сац атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Н.Г.Горобец, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Т.А.Қышқашбаев, Қазақстандағы Британ Кеңесінің мәдениет және өнер жобалары бойынша жетекшісі Г.Б.Корецкая, өнертану кандидаты, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының доценті, Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының мүшесі Б.Т.Аманжол және т.б.

  Тұжырымдаманы талқылауға ғылыми, шығармашылық интеллигенция өкілдері, ғылым, білім және мәдениет қайраткерлері, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдардың өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.   

   

   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование