KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887306
2019 жылы:  21021
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.07.2014

  «Қазақстан кітаптары»  бөлімінің ғалымдар залында мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым және педагог Санжар Асфендияровтың 125 жылдық мерейтойына арналған  «Танылған дарынды ғалым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Санжар Жафарұлы Асфендияров 1889 жылы Ташкент қаласында  шығыс тілдері аудармашысының отбасында туған. 1907 жылы реалдық  училищені, 1912 жылы  Петербор әскери-медициналық   академиясын бітірген. Орыс, ағылшын, француз және араб  тілдерін  жетік білген.
Санжар Асфендияров – Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Түркістан полкының әскери дәрігері ретінде  қызмет етті. 1919-1920 жж. Түркістан АКСР-інің Денсаулық сақтау, жер-су шаруашылығының халық комиссары. 1921-1922 жж. – Түркістан Республикасының Мәскеудегі өкілі, РКФСР Кеңхалкомның ұлттық мәселе жөніндегі алқасының мүшесі, 1923-1924 жж. – РКП (б) Ортаазиялық бюросының мүшесі, 1925 жылы – БОАК Президиумы хатшысының орынбасары және мүшесі болды. Мәскеуде жұмыс істеген кезеңде тарих саласындағы белсенді ғылыми ізденістері жас ғалымның шығармашылық келешегін айқындады. Бірінші келген күннен бастап КСРО ОАК жанындағы Шығыстану институтымен қызметтес болды, ММУ-да сабақ берді. 1927-1928 жж. – Н.Нариманов атындағы Мәскеу Шығыстану институтында ректор және профессор.1928-1931 жж. – Қазақ педагогикалық институтының ректоры, 1931-1933 жж. –КАССР-нің Денсаулық сақтау халық комиссары, сонымен қатар медицина институтының ректоры, 1933-1937 жж. – КСРО ҒА-ның Қазақстандық қоры төрағасының орынбасары, КСРО ҒА-ның Қазақ  филиалы тарихи-археографиялық комиссиясының меңгерушісі, КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы төрағасының орынбасары, ҚазОАК жанындағы Ұлттық мәдениет ғылыми-зерттеу институты тарих бөлімінің меңгерушісі, Қазақ педагогикалық институты тарих кафедрасының профессоры.
   Орыс, ағылшын, француз және араб тілдерін білуі С.Асфендияровқа ресейлік және шетелдік  әдеби түпнұсқаларды пайдалана отырып,  көлемді тарихи материалдарға талдау жасауға және бірқатар ғылыми еңбектер дайындауға мүмкіндік берді. Ол «Ерте заманнан бергі Қазақстан тарихы», «Қазақстанның өткені дереккөздер мен мәліметтерде», «1916 жылғы Қазақстандағы Ұлт-азаттық қозғалыс», «Қазақтар тарихындағы очерктер», «Әлем шатыры» және т.б. жинақталған еңбектерін жарыққа шығарды.
   1937 жылы  Санжар Аспендияров халық жауы және жапон  тыңшысы деген негізсіз жаламен тұтқынға алынып, 1938 жылы сотсыз атылды. Қайтыс болғаннан кейін 1958 жылы 27 мамырда ақталды.  С.Асфендияров Қазақстандағы білім беру және денсаулық сақтауды дамытуға елеулі үлес қосты. Оның  есімі  Қазақ ұлттық медицина университетіне берілді, С.Асфендияровтың құрметіне Алматы қаласында көше атауы беріліп, ғалымның тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.    

   Кітап көрмесінде  ғалымның өмірі мен қызметі туралы материалдар, оның  әр жылдардағы мерзімді басылым беттерінде жарияланған  ғылыми еңбектері  және мақалалары  ұсынылған.

    Кітап көрмесіне шақырамыз!  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование