2014 жылғы 21 шілде, сағ. 10.00-де Көрмелер залында «Қытайдың жаңа заман тарихы» атты үштомдық кітабының тұсаукесері өтті.
Үштомдық кітап Қытай Халық Республикасы «Ұлттар баспасының» қолдауымен Қазақстан Республикасы, Алматы қаласындағы «Орхон» Баспа үйінен жарық көрді. Кітаптың бірінші томы Қытай Халық Республикасының 1949 - 1956 жылдар аралығындағы аса ірі тарихи оқиғаларды қамтиды. Екінші томға кірген материалдар мен деректерде Қытай Халық Республикасының социалистік құрылыс жолындағы күресі мен ізгілікті ізденістері жан-жақты баяндалады. Үшінші томда Қытай Халық Республикасының 1966-1976 жылдардағы әйгілі «Мәдениет төңкерісі» кезеңі, сол кездегі халықтың тағдыры суреттелген. Кітап жалпы оқырман қауымға және тарихты зерттеуші ғалымдарға, студенттерге арналған.
Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының бас директорының бірінші орынбасары Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашты. Модераторы - «Орхон» Баспа үйінің директоры, жазушы Әшімханұлы Дидахмет.
Сөз сөйлегендер: «Ұлттар баспасының» президенті Иу Бинши, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының кеңесшісі, жазушы Б.Шаханов, Қытай Орталық партия тарихын зерттеу институтының аға зерттеушісі, тарихшы У Гою, жазушы С.Жанболат, педагогика ғылымдары академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Жұртбай, «Ұлттар баспасы» қазақ редакциясының төрағасы Б.Тоқтасын.
Тұсаукесер аясында жаңа басылымдар ҚР Ұлттық кітапханасына, Алматы қаласының кітапханаларына сыйға тартылды. Сондай-ақ. Ұлттық кітапханаға «Ұлттар баспасынан» шыққан 316 дана кітап сыйлады. Қазақстан Жазушылар одағы атынан Берік Шаханов Иу Биншиға алғыс хат табыс етті.
Іс-шараға М.Ахет, С.Әбединова, Н.Қапалбек, Н.Ақыш, Ұ.Есдәулет, Е.Нұразхан, Ж.Қорғасбек, Е.Кәпқызы, Ж.Нармаханова, т.б. жазушылар, тарихшылар, Алматы қаласының кітапханашылары қатысты.
|