KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062061
2019 жылы:  127596
бүгiн:  1466
қазiр:  7
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.07.2014

   2014 жылғы 21 шілде, сағ. 16.00-де Көрмелер залында кітапхана ұжымы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, Бас әскери прокуратура жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, генерал-лейтенант, тарих ғылымдарының докторы, профессор Абай Бөлекбайұлы Тасболатовпен кездесті.
 
  ҚР Ұлттық кітапханасы бас директорының бірінші орынбасары Б.Қ.Оспанова кітапхананың қызметі туралы қысқаша таныстырып өтті. Мәжіліс депутаты А.Б.Тасболатов көптеген өзекті сұрақтарды көтерді. Соның ішінде патриотизм мен жауапкершілік туралы, Парламенттің қызметі мен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің жұмысы жайлы сөз қозғады. Кездесуде кітапхананың өзекті мәселелері де талқыланды. Кітапхана кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Д.Үсенова кітапхана қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін көтеріп, соның ішінде тұрғын үй мәселесін шешуде ықпал етуін сұрады. Ғылыми-әдістемелік  қызметінің жетекшісі К.К.Қоштаева Мәдениет саясаты тұжырымдамасының жобасына тоқталып, кітапханалардың, соның ішінде ауыл кітапханаларының жағдайын назарға алуын  ұсынды.
   Кездесу соңында А.Б.Тасболатов кітапхана ұжымына еңбектері үшін алғысын білдіріп, табыстар тіледі.

    

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование