KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887284
2019 жылы:  20999
бүгiн:  1
қазiр:  46
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.07.2014

  Әлем әдебиеті бөлімінің оқу залында белгілі кеңес жазушысы, кинорежиссер және актердің 85 жылдық мерейтойына арналған «Василий Шукшин: қарапайым және күрделі ғұмыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  

Василий Макарович Шукшин (1929-1974) – орыс прозашысы, драматург, кинорежиссер, сценарийші, киноактер, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1969).  1929 жылы 25 шілдеде Алтай аймағы Бийск ауданының Сростки ауылында шаруа отбасында дүниеге келді. Есейген кезінен бастап өзінің ауылында, кейін  Калуга мен Владимир қалаларында өндірісте жұмыс істеді. 1949-1952 жж.  флотта қызмет етті. Қайта оралған сон Сростки ауылының кешкі мектебінде директор болып қызмет істеді. 1954 жылы ВГИК-тің режиссерлік факультетіне оқуға түсіп, М.Роммның шеберханасында оқыды.  Оқу жылдарында Шукшиннің  курстастары және достары  болашақ көрнекті режиссерлер – А.Тарковский, А. Михалков-Кончаловский  және т.б.  болды.
Студент кезінде киноға түсе бастады, институтты бітіріп өзінің сценарийі бойынша  фильмдер түсірді. Өзінің алғашқы  шағын рөлін 1954 жылы  «Тихий Дон»  фильмінде ойнады. Оқып жүрген кезінде-ақ  «Два Федора» атты  фильмдегі  басты  рөлді ойнауға сәті түседі. 1964 жылы «Живет такой парень» кинофильмі Венециялық халықаралық «Золотой лев» кинофестивалінде  жоғарғы награда алды. Шукшиннің  «Ваш брат и сын», «Позови меня в даль светлую», «Странные люди», «Печки-лавочки» фильмдері үлкен табысқа ие болды. 1973 жылы аттас киноповесть бойынша жазылған және Бүкілодақтық  кинофестивальда Бірінші сыйлық алған «Калина красная» Шукшин түсірген танымал және сүйікті фильмдердің бірі болып табылады. Шукшиннің кинематографиялық еңбектері ағайынды Васильевтер атындағы сыйлықпен, КСРО Мемлекеттік сыйлығымен аталды. 1958 жылы «Смена» журналында Шукшиннің алғашқы әңгімесі жарияланды, 1963 жылы оның бірінші «Сельские жители» атты прозалық  жинағы шықты. Жазушының тірі кезінде оның «Там, вдали» (1968), «Земляки» (1970),   «Характеры» (1973), «Беседы при ясной луне» (1974)  әңгіме жинақтары жарыққа шықты. Басылуға дайын «Брат мой» жинағы 1975 жылы автор қайтыс болғаннан кейін шықты. Кейін бірнеше киносценарийлер жазылды.  Ол, сондай-ақ театрлар үшін пьесалар дайындады. Бүкіл өмірінде Шукшин барлығы 125 әңгіме жазды. Шукшин әңгімелері «ауыл прозасы» ттақырыбына қатысты бола отырып, оның негізгі ағынынан автордың халық өнегелігіне, сондай-ақ оның кейіпкерлерді ұшыраған күрделі психологиялық жағдайларға назар аударуымен ерекшеленеді.
  Василий Шукшин 1974 жылғы 2 қазанда 45 жасында қайтыс болды. Мәскеуде жерленген. В.М.Шукшинге қайтыс болғаннан кейін Ленин сыйлығы берілді.   
  
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан В.М.Шукшиннің шығармалары, оның  өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер ұсынылған. 
       
  Кітап көрмесіне шақырамыз !                      

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование