KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887225
2019 жылы:  20940
бүгiн:  1
қазiр:  8
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.07.2014

  Көрмелер залында Қазақстан Ленин комсомолы атындағы сыйлықтың иегері, жазушы Саттар Ерубаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Жастық пен бақыт жыршысы» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.  

  Саттар Ерубаев (1914-1937) Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында дүниеге келді.1924 жылға дейін Түркістанда жетім балалар үйінде тәрбиеленген. 1927 ж. Түркістан аудандық комсомол комитетінде қызмет істейді. 1930 жылы ҚазАКСР Халық ағарту Комиссариатының жоғары оқу орны жанындағы арнайы даярлық курсын, 1933 ж. Ленинград тарих, философия және лингвистика университетін бітірген. Ұстаздарының ұсыныстары бойынша С.Ерубаев аспирантураға қалдырылған. Бірақ Қазақстан өлкелік комсомол комитеті арнайы жеделхат жолдап, Ерубаевты шұғыл түрде Қазақстанға шақыртады. 1933-1934 ж. «Ленинская смена» газеті редакциясының әдебиет және өнер бөлім меңгерушісі, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеті редакторының орынбасары, Жоғары ауыл шаруашылық мектебінде философия кафедрасының ассистенті,  «Қарағанды пролетариаты» газеті редакторының орынбасары қызметтерін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағының 1-съезін дайындауға және оны өткізуге ат салысты. 1936-1937 ж. - Қазақстан педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) қазақ әдебиеті кафедрасының доценті болды.  М.Жанғалинмен бірігіп мектеп оқушыларына арналған «Әдебиет хрестоматиясы» оқулығын құрастырған.
  1929 ж. бастап баспасөз бетіне жариялана бастады. Оның қаламынан «Ақын жыры» (1933), «Үш шахтер туралы баллада» (1934),  «Меруерт алқа» (1936), т.б. баллада, өлеңдері мен «Бақыт» (1934), «Келесі соғыс туралы» (1934), «Өмір көркемдігі» (1936) новеллалары шықты. «Өмір келбеті» (1933), «Төрт қыз» (1935) очерктері, «Жалқаулар» (1933), «Сенбіліктен қашқан бәтеңке көрдіңдер ме?» (1933) атты сықақ әңгімелері, «Асқар қайта құрылыс дәуірінде» (1932), «Қолғабыс» (1933) «Балалар әдебиетін жасайық» (1934), «Ақындарға ашық хат» (1934) т.б. шығармалары жарық көрді. «Менің құрдастарым» атты романында (1937) Қарағанды кеншілерінің, қазақ жастарының өмірі, олардың өмірге көзқарасы терең суреттелген.
  Сонымен қатар, жазушы аудармашылықпен де шұғылданған. К.Чуковскийдің, Ю.Березиннің, А.Сурковтың, С.Глецтің, Ф.Вайскоптың, И.Эренбургтің кейбір шығармаларын қазақ тіліне аударған.
   Түркістан қаласында Саттар Ерубаевтың мұражайы бар. Қарағандыдағы үлкен көшелердің біріне, Шымкент қаласындағы №24 орта мектепке оның аты берілген.

                                                    

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование