KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887236
2019 жылы:  20951
бүгiн:  1
қазiр:  18
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

06.08.2014

   Әлем әдебиеті бөлімінің оқу залында «Хиросима күні - Бүкіләлемдік ядролық қаруға тыйым салу күні» атты кітап  көрмесі  ұйымдастырылды.

  Жыл сайын 6 тамызда  «Хиросима күні - Бүкіләлемдік ядролық қаруға тыйым салу күні» атап өтіледі, бүкіл әлемде ядролық қарудың барлық түрлерін жоюды қолдау акциялары өткізіледі. 
  1945 жылы осы күні алапат апат - Жапонияның Хиросима қаласын атомдық бомбалау болды.
  1945 жылы  6 тамызда Жапонияны жедел тізе бүктіру мақсатында америкалық В-29 бомбылаушысы Хиросимаға адамзат тарихындағы ең алғашқы «Little Boy» соғысқа   арналған  атом бомбасын тастады. «Өлім машинасының» қуаттылығы өте зор - 13-тен 18-ге дейін  тротил  килотоннасы. Жарылыстың  зардабы  жан түршігерлік:  90-нан 166 мыңға дейін  адам қайтыс болды, 160 мыңға жуығы жарақат және ауыр радиация алды.
   Үш күннен соң, 1945 жылғы 9 тамызда Нагасаки қаласына екінші «Fat Man» атом бомбасы тасталып, салдарынан 80 мыңға жуық жапондықтар қайтыс болды.
   15 тамызда қатты есеңгіреп қалған Жапония өзінің тізе бүккенін жариялады. 1945 жылғы 2 қыркүйекте актіге қол қойғаннан кейін  формальды түрде Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталды.
   Хиросима мен Нагасакиді атомдық бомбылау - адамзат тарихындағы ядролық қаруды соғысқа пайдаланудың екі бірдей мысалы болды. Осы бомбылаудың құрбандары әлі күнге дейін радиациядан көз жүмып, жыл сайын өлім саны 5 мыңға дейін көбеюде.
   1955 жылғы 6 тамызда  Хиросимада атомдық және сутектік қаруларға тыйым салу жөнінде бірінші Халықаралық конференция өтті.
   1964 жылғы 1 тамыздан бастап Хиросиманың  Мемориалдық саябағында атомдық жарылыстың құрбандарын еске алу оты жанып тұр.
   1985 жылы Тынық мұхитының оңтүстік бөлігі ядролық қарусыздандырылған аймақ болып  (Раротонгт келісім шарты) жарияланды. 
   2010 жылы атомдық бомбылаудың бір жылдығына арналған іс-шараға тарихта алғаш рет АҚШ-тың өкілі - Жапониядағы АҚШ елшісі Джон Рус (John  Roos) және БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун қатысты.
   2011 жылы Хиросиманы бомбылаудың  66 жылдығына арналған азалы рәсімде атом энергетикасының қауіпсіздігі және энергия көздерін жаңартуды дамыту мәселелері көтерілді.
   Хиросима жаппай жою қаруларына қарсы  күрестің символы болды.  Хиросима күні халықаралық  бірлестікпен  Бүкіләлемдік  ядролық қаруға  тыйым салу үшін күрес күні болып аталып өтеді. Жыл сайын осы қалада еске алу рәсімі өтеді. Алапат  оқиға туралы  үнемі еске алу ретінде   қаланың  орталығында жарылыстан кейінгі қол тимеген  жер кесектерінің үйінділері қалдырылған. Хиросима мен Нагасакиді атомдық бомбылау жылдығына арнап өткізілетін  іс-шаралар,   жаңа  ұрпақтың  жан түршігерлік оқиғаны, атомдық жарылыс құрбандарының бастан кешіргендерін түсінулері үшін бағытталған.

   Кітап көрмесіне Хиросима мен Нагасакиді атомдық бомбылау, ядролық қаруға тыйым салу үшін күрес, атомдық энергетиканың қауіпсіздігі туралы және т.б. әдебиеттер қойылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование