KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887301
2019 жылы:  21016
бүгiн:  1
қазiр:  46
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

07.08.2014

   Әлем әдебиеті бөлімінде Бірінші дүнижүзілік соғыстың 100-жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  1914-1918 жылдардағы Бірінші дүнижүзілік соғыс ауқымды дау-жанжалды және барынша қантөгісті соғыс болды. Соғыс 1914 ж. 28 шілдеде басталып, 1918 ж. 11 қарашада  аяқталды. Бұл жанжалға 38 мемлекет қатысты. 
  Бірінші дүние жүзіліқ соғысқа қатысушылар:
  • Бір жағынан Төрттік одақ, оған Германия, Австро-Венгрия, Болгария, Түркия (Осман империясы);
   • Екінші Антанта одағы, оған Ресей, Франция, Англия және одақтас елдер (Италия, Румыния және басқалары) кірді.
   Бірінші дүние жүзілік соғыстың басталуына австриялық тақтың мұрагері Эрцгерцог Франц-Фердинанд пен оның  сербиялық әйелінің ұлттық террористік ұйымның мүшесімен өлтірілуі себеп болды.  Гаврил Принциптың жасаған кісі өлімі, Австрияның Сербиямен жанжалдасуына әкеп соқты. Германия Австрияны қолдап, соғысқа қатысты.
   1918 жыл Антантаға Бірінші дүние жүзілік соғыстың  аяқталуына әкелген маңызды жеңіс жылы болды. Германия Прибалтиканы басып алды, бірте-бірте Польшаны, Белоруссияның бір бөлігін басып алды, содан кейін барлық күшін Батыс майданға жіберді. Антантаның техникасының басымдылығы арқасында неміс әскерлері жеңіліске ұшырады. Одан кейін Австро-Венгрия, Осман империясы және Болгария Антантамен бітім жасасты, Германия апатты жағдай шегінде  қалды. Революциялық жағдайлардың күшімен император Вильгельм өз елін тастап кетті.  1918 ж. 11 қарашада Германия өз еркімен берілу актісіне қол қойды.
   Қазіргі  мәліметтер бойынша Бірінші дүниежүзілік соғыста 10 миллионға жуық сарбаз шығыны болды. Ауыр жағдайлардан, аштық пен індеттен одан екі есе көп адам қаза болды деп шамалануда.
   Бірінші дүние жүзілік соғыстың қорытындысы бойынша Германия одақтастарына 30 жыл бойы соғыс шығынын өтеп отыруы тиіс. Ол өз территориясының 1/8 бөлігін жоғалтты, ал қалған жерлері жеңіске жеткен елдерге кетті. Рейн жағалауын 15 жылға одақтас әскерлер басып алды. Сондай-ақ Германияға 100 мың адамнан артық армия ұстауға тыйым салынды. Қару- жарақтың барлық түрлеріне қатал шектеу қойылды.
   Жеңіске жеткен елдердің экономикасы, АҚШ-тан басқасы,  қиын жағдайға ұшырады. Халықтың тұрмыс дәрежесі төмендеп кетті, халық шаруашылығы құлдырады. Ол кездері әскері монополия дамыды. Ресей үшін Бірінші дүниежүзілік соғыс, елдегі революциялық жағдайлардың дамуы мен кейінгі азаматтық соғысты тудырған маңызды  тұрақсыздандыру факторына айналды.

   Кітап көрмесіне Ұлттық кітапхана қорынан Бірінші дүниежүзілік соғысқа арналған әдебиеттер қойылған.

   Кітап көрмесіне  шағырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование