KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887290
2019 жылы:  21005
бүгiн:  1
қазiр:  45
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.08.2014

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің оқу залында Халықаралық археологтар күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Қазақстанда Халықаралық археологтар күні жыл сайын 15 тамызда атап өтіледі. Археология – бұл адамзаттың өткен тарихын заттай айғақтар арқылы зерделейтін тарихи ғылым. Адамзаттың  өткені, материалдық, қоғамдық  және рухани өмірінің туындауымен дамуы туралы тарихи деректерді зерделеу негізінде  танып  біледі.
 Археологиялық зерттеулер мәдени мұраның рухани және материалдық құндылықтарын зерттеудің, қалпына келтірудің және сақтаудың маңызды бөлігі болып табылады. Қазақстанда археология ғылымының пайда болуынан бері ғалымдар ежелгі тарихтың, сонымен қатар мәдениет тарихы дамуының толықтай көрінісін жасады.  Мұражайларда  ежелгі уақыттардан сақталып келген және археологтар тапқан және қазып алған түрлі тұрмыстық заттарды көруге болады.
   Қазақстанның археологиялық ескерткіштерін зерттеудің бастау алуы Ш.Ш.Уалихановтың, В.В.Бартольдтің, В.В.Радловтың есімдерімен байланысты. Археологиялық зерделеу жұмыстарына Ә.Х.Марғұлан, К.А.Ақышев, К.М.Байпақов, С.М.Ахинжанов және тағы басқалар маңызды үлес қосты. Олардың күшімен ежелгі және ортағасырлық Қазақстанның тарихын және материалдық мәдениетін сипаттайтын материалдар жинақталған.
   Халықаралық ЮНЕСКО бағдарламасының шеңберінде дамып келе жатқан қазақстандық археологтардың аса нәтижелі бағыттарының бірі «Ұлы Жібек жолы: мәдениет» жобасы болды. Қазақстанның археологтары Ұлы Жібек жолының ел аумағынан өтетін көптеген қалаларын зерделеді, олардың оқшаулау, құрылыс салу, мәдениет, шаруашылық, көршілес қалалармен және елдермен байланыстары анықталды. Ең ірі зерделеулер мен қазба жұмыстары Отырарда,Таразда, Түркістанда, Қоялықта, Ақыртаста жүргізілді. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесі бойынша, ел тарихын тереңірек түсінуге және білуге мүмкіндік беретін орасан көп материалдар мен көптеген жаңа мәліметтер табылды.
   Қазақстан әлемге тек  экономикасы мен мәдениеті өркендеген ел ғана емес, сонымен қатар әлемдік өркениет қазынасына қомақты үлес қосқан ел ретінде де танымал.

   Кітап көрмесінде Қазақстанда табылған археологиялық ескерткіштер, оларды қазу жұмыстары, ортағасырлық қалалар мен елді мекендер, қорғандар, өнер нысандары туралы материалдар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование