KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887250
2019 жылы:  20965
бүгiн:  1
қазiр:  31
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.08.2014

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының  Депозитарийі қызметінің аясында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған  кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

  Конституция Күні – Қазақстан Республикасы негізгі құжатының мерекесі жыл сайын 30 тамызда аталып өтіледі. Конституцияның  бірінші бабында Қазақстан Республикасы өзін жоғары құндылығы адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде көрсетеді. 
  ҚР Конституциясында негізгі қағидаттар ретінде - қоғамдық ынтымақтастық, саяси тұрақтылық, экономикалық даму және мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу нақты анықталды. Конституция азаматтардың құқығы мен бостандығын барынша қамтамасыз етуге, оларға әлеуметтік-экономикалық игіліктер мен кепілдерді ұсынуға бағытталған.
   Бұл күні еліміз бойынша Конституция күніне орайластырылған түрлі мәдени және мерекелік іс-шаралар: ғылыми-тәжірибелік конференциялар, кітапханаларда тақырыптық кітап көрмелері, ақпараттық-танымдық сабақтар, мұражайларда көрмелер, кездесулер, фестивальдер, қазақстандық эстрада жұлдыздары мен көркемөнерпаздар шеберлерінің концерттері, экскурсиялар, ұлттық және қолданбалы спорт түрлерінен турнирлер және т.б. өткізіледі.  
   Кітап көрмесінде мемлекет тарихы мен құқығы, құқықтық жүйенің қалыптасуы мен заң шығару саясатына қатысты әдебиеттер ұсынылған. Қазақстан Республикасының Конституциясы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование