KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062065
2019 жылы:  127600
бүгiн:  1470
қазiр:  11
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.08.2014

   Мерзімді басылымдар бөлімінің оқу залында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Азат елдің Ата заңы» атты көрме ұйымдастырылды.

 Қолданыстағы Конституция 1995 жылғы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдумда  қабылданды. Бұл күн мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституция күні болып табылады. Қолданыстағы Конституцияны қабылдаған сәттен бастап үш рет өзгерістер мен толықтырулар  енгізілді: 1998, 2007 және 2011 жылдары.  Конституцияда  9 бөлім 98 бап бар. 
 Конституцияда Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы және  құқықтық мемлекет ретінде көрсетеді.  Мемлекеттің жоғарғы құндылығы адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы болып табылады. Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып табылады.
   Көрменің мақсаты - біздің еліміз және осында тұратын барлық халықтар үшін  ең басты заң  болып табылатын Қазақстан Республикасының Конституциясымен оқырмандарды таныстыру.

   Көрмеде Қазақстанның қолданыстағы Конституциясын жасау және өзгерістер мен толықтырулар енгізу тарихы көрсетілген мерзімді басылымдар  ұсынылған.

   Көрмеге шақырамыз!

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование