KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887269
2019 жылы:  20984
бүгiн:  1
қазiр:  41
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.09.2014

   2014 жылғы 11 қыркүйек, сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында көрнекті әлемге танымал пушкинтанушы, ғалым-зерттеуші, жазушы Николай Алексеевич Раевскийдің 120 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

   Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы, Қазақстан Республикасының Жазушылар одағы.

   Н.А.Раевский (1894-1988) – орыс жазушысы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Жазушының Алматыда туындаған және басылып шыққан «Если заговорят портреты», «Портреты заговорили», «Друг Пушкина Павел Воинович Нащекин», т.б. кітаптары біздің қаламызды пушкинтану картасында А.С.Пушкиннің өмірі мен ортасы туралы жаңа ашылымдардың тағы бір орнына айналдырып, Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург қ.) Пушкин Үйін Алматымен мәңгілікке  байланыстырды. Н.Раевскийдің Словенияның  Бродзян қамалынан тапқан олжалары, Доллидің күнделік жазбалары (Кутузовтың немере қызы графиня Дарья Фикельмон) және А.Пушкиннің  оған жазған хаттары  ғылыми  әлемге және үлкен оқырман аудиториясына Ақынның өмірі мен өлімі туралы нақты жаңа мәліметтер ашты. Бестселлерге айналған және Қазақстанда 2 миллионға жуық жалпы таралыммен алты рет қайта басылып шыққан «Портреты заговорили» атты бірегей кітап бүгінде өзінің 40 жылдығын атай отырып, сұралатын раритет болып қала береді. Жүз мың тиражбен «Жазушы» баспасынан Н.А.Раевскийдің «Джафар и Джан» және «Последняя любовь поэта» лирикалық повестері басылып шыққан. Түпнұсқада  және қазақ, чех, ағылшын тілдеріндегі аудармасы да бірнеше рет Қазақстанда және шетелде қайта басылып шықты.
   Ғалым-биолог және тамаша аудармашы-полиглот ретінде Н.А.Раевский қазақстандық хирургияны сақтау мен насихаттауда да қомақты үлес қосты. «Клиникалық және тәжірибелік хирургия» институтының директоры, академик А.Н.Сызғановтың шақыруы бойынша ол институтта жұмыс істеп, қалқанша безі бойынша еңбектердің ауқымды библиографиясын сегіз шет тілінде құрастырды, «Қазақстан хирургиясының тарихы жөнінде очерктер» жинағын дайындап, құрастырды. А.Н.Сызғановтың идеясын жүзеге асыра отырып, Н.А.Раевский Қазақстан хирургиясы тарихының тұңғыш мұражайын құрды.
   Модераторы:  ҚР Жазушылар одағының, ҚР Журналистер одағының мүшесі, ақын Римма Артемьева.
   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы  Әлібек Асқар  құттықтау сөзбен ашты.
   Сөз сөйлегендер: Надежда Чернова – «Простор» журналының поэзия бөлімнің меңгерушісі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, ақын, прозаик, аудармашы; Светлана Ананьева – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының әлем әдебиеті бөлімінің меңгерушісі; Гүлайхан Сәрсенова – Мемлекеттік ғылыми–техникалық құжаттамалар мұрағатының директоры; Сергей Сухов – ҚР Кинематографистар одағының мүшесі, белгілі кинооператор; Александр Головинский – ҚР Кинематографистер одағының, ҚР Журналистер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген өнер кайраткері, кинорежиссер және т.б.
   ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Сергей Суховтың қыл қаламынан шыққан Н.А.Раевскийдің портретін Суховтың баласы ҚР Ұлттық кітапханасына сыйға тартты. 
   Іс-шараның соңында «Портрет с кометой и Пушкиным» атты В.П.Татенконың фильмі көрсетілді.
   Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Н.Раевскийдің өмірі мен шығармашылығына арналған «Раевский Николай Алексеевич» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды. ҚР Мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттамалар мұрағатының  қатысуымен ҚР Мемлекеттік Кино-фотоқұжаттар мен дыбыстық жазбалар мұрағатынан, сондай-ақ жеке мұрағаттардан фотогалерея ұсынылды.  ҚР еңбек сіңірген әртісі Татьяна Тарская «Портреты заговорили» кітабынан үзінді оқыды.
   Іс-шараға жазушылар, жоғары оқу орындарының студенттері, ҚР Ұлттық кітапханасының оқырмандары, Алматы қаласының  кітапханашылары және БАҚ өкілдері қатысты. 

    

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование