KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887240
2019 жылы:  20955
бүгiн:  1
қазiр:  22
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

06.09.2014

   2014 жылғы 6 қыркүйек, сағ.12.00-де Көрмелер залында еңбек ардагері, кітапханашы-библиограф Любенко Евгения Осиповнаның туғанына 90 жыл толуына орай құттықтау болды.

    Е.О.Любенко 1924 жылы Одесса қаласында туған. 1929 жылы отбасымен Днепропетровск қаласына қоныс аударады. Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында, оккупация  кезеңінде Днепропетровск облысы Петриковск ауданының Лобойковка ауылында туыстарының үйінде тұрды.
   Евгения Осиповна өзінің барлық өмірін кітапхана кәсібіне арнады. Еңбек жолын 1946 жылы Днепропетровск қаласындағы №6 қолөнер училищесі кітапханасының меңгерушісі қызметінен бастады. 1947-1950 ж. Днепропетровск теникумында оқыды. 1951-1952 ж. Днепропетровск қаласының облыстық және аудандық кітапханаларында жұмыс істеді. 1952-1956 ж. Харьков мемлекеттік кітапхана институтында кітапханатану мамандығы бойынша білім алды. 1956 жылы аталмыш оқу орнын үздік бітіріп, А.С.Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасына жолдамамен Алматы қаласына көшіп келеді.
   1956-1960 ж. – кітап сақтау бөлімінің аға кітапханашысы, 1960-1962 ж. – оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі, 1965 ж. қыркүйек-қараша аралығында – қорлар мен абонемент бөлімінің меңгерушісі, 1965-1971 ж.  – патенттік бөлімнің аға кітапханашысы, 1971-1978 ж. – анықтамалық-библиографиялық бөлімінің бас кітапханашысы қызметтерін атқарды. 1978 ж. бастап ақпараттық-библиографиялық бөлімнің ақпараттық жұмыстар секторының меңгерушісі болды. Ұзақ жылдар бойы  А.С.Пушкин атындағы Мемлекеттік кітапханада қызмет атқарған Е.О.Любенко библиография және кітапхана ісінің дамуына үлкен үлес қосты.

   Іс-шара аясында Ұлттық кітапхананың мұрағат қорынан өткен жылдардың сурет көрмесі ұйымдастырылды.

   Мерекелік іс-шараға әр жылдарда Е.О.Любенкомен бірге қызмет атқарған кітапхананың ардагерлері шақырылды. Олар Евгения Осиповнаның еңбексүйгіштік қасиетін, адамдарға пайдасын тигізуге құштар тұлға екенін, қарапайым да рухани әдемілігін атап көрсетті.

   

  


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование