KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887268
2019 жылы:  20983
бүгiн:  1
қазiр:  40
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.08.2014

   16-23 тамыз күндері Лион қаласында (Франция) ИФЛА-2014 Бас конференциясының 80-ші мерейтойлық жиналысы өтті. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының атынан бас директордың бірінші орынбасары Б.К.Оспанова және Консервация қызметінің жетекшісі Б.Ш.Сарсенбаева қатысты. Конференцияның тақырыбы: «Кітапхана, азамат, қоғам: бірге білімге».

   Іс-шара бағдарламасына конгреске дейінгі және кейінгі сессиялардың, семинарлардың, көрмелердің, плакатты сессиялар мен сателлитті кездесулердің ашылуы кірді. Жыл сайынғы кітапханалық материалдардың, дыбыс-бейне жабдықтарының, компьютер жүйелерінің, кітапхана жабдықтары мен баспагерлерінің көрмесі болды. Конгресс бағдарламасының аясында Еуразия Кітапханалық Ассамблеясы ұйымдастырған ТМД (Caucus CIS) елдері делегаттарының Аймақтық кеңесі өтті. Салтанатты  ашылуда ИФЛА Президенті Синикка Сипиля «Кітапхана, азамат, қоғам: бірге білімге» атты Конгресс тақырыбы оның «Мықты кітапхана, мықты қоғам» президенттік бағдарламасын толықтыратынын және соған негізделетінін атап өтті.
   18 тамызда Конгрестің басты оқиғасының бірі – ақпарат пен дамуға қол жетімділік бойынша Лион декларациясын қабылдады. Декларацияның басты мақсаты – кітапханаларды Біріккен Ұлттар Ұйымы отырысының күн тәртібіне енгізу. Бағдарлама барлық елдер үшін тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсарту бағытында нұсқаулық болады және 2016-2030 жылдарға жаңа мақсаттарды белгілейді. http://www.lyondeclaration.org/.
   19 тамызда Лион қаласындағы Қалалық ратушада өткен жыл сайынғы ұлттық кітапханалар директорларының отырысына (CDNL) Ұлттық кітапхана бас директорының бірінші орынбасары Б.К.Оспанова, Консервация қызметінің жетекшісі Б.Ш.Сарсенбаева қатысты. 
   ИФЛА-ның келесі Бас конференциясы 2015 жылғы тамызда Оңтүстік Африка Республикасында,  Кейптаун қаласында өтеді. 
   Конгрестің жұмысы және жаңалықтары туралы толық ақпаратты, жиналыстардың материалдарына (соның ішінде орыс тілінде), сұхбаттарға, фотосуреттерге, бейнелерге, топтамаларға және т.б. «ИФЛА-2014 интерактивтік режимде» Интернет желісінен қол жеткізуге болады. 
   ИФЛА сайтының мекенжайы  -  www.ifla.org

     

       

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование