KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15061722
2019 жылы:  127257
бүгiн:  1127
қазiр:  15
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.09.2014

   2014 жылғы 12 қыркүйек, сағат 15.00-де Көрмелер залында «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы мәдениет пен өнер мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесінің «Алматы – ұлттық өнер мен мәдениеттің мәйегі» тақырыбындағы кезекті отырысы өтті.

    Кеңес отырысында ұлттық құндылықтарымыздың ең өзекті мәселелері, бүгінгі жаңа дәуірдің кемел келбетіне аяқ басқан еліміздің тарихи дамуындағы мәдениет пен өнеріміздің, тарихи болмысымыздың және төл әдебиетіміздің, білім мен ғылымның,  ұлттық рух пен рухани тәрбиеміздің  сақталуы мен дамуының нақты қадамдары және атқарылған істер туралы ойлары ортаға салынды, мемлекеттік маңызға ие мәселелердің түйіндері тарқатылды.

   Іс-шараны Ұлттық кітапхананың бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы  Әлібек  Асқар жүргізді.

   Сөз сөйлегендер: «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, филология ғылымдарының докторы, қалалық «Мирас» қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары К.І.Матыжанов, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Д.Ж.Нөкетаева, жазушы, педагогика ғылымдарының докторы, медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер-ғалым, Еңбек сіңірген қайраткері С.Ғ.Ғаббасов, ақын, «Қазақ энциклопедиясы» АҚ бас директоры, филология ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының кор. мүшесі Б.Ө.Жақыпов, Қазақстан авторлық қауымдастығының Бас директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Б.М.Есеналиев және т.б.

   Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, жазушылар, Алматы  қаласының  кітапханашылары.

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование