KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887304
2019 жылы:  21019
бүгiн:  1
қазiр:  45
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.09.2014

   «Қазақстан кітаптары» және Әлем әдебиеті бөлімдерінің оқу залдарында «22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Ұлттық мәдениеттің өркендеуі және тарихи адамдар қауымдастығы ретінде құрылған ұлттың өз болашағы тілдің дамуымен, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен сөзсіз байланысты. Қазақстан халқы тілдерінің күні – елдегі барлық азаматтардың достығының, туыстығы мен бірлігінің нышаны. 
   Мемлекет еліміздегі 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар үшін оңтайлы тілдік кеңістік құруға баса назар аударады. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының қайталанбас рухани және материалдық мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрлері бар. Осындай мерекелі күні біздің көп ұлтты республикамыздың барлық аймақтарында халықтар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты бейнелейтін мемлекеттік тіл біліміне фестивальдар өткізіледі. Фестиваль аясында ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, мемлекеттік тіл біліміне олимпиадалар мен конкурстар өткізіледі, кітапханаларда кітап көрмелері ұйымдастырылып, өнер шеберлерінің концерттері болады. Мұндай фестивальдардың мақсаты Қазақстан халқы тілдерін, мемлекеттік тілді, оның қоғамдағы рөлін насихаттау, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауды дағдыландыру.
   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің оқу залында ұйымдастырылған кітап көрмесі үш бөлімнен тұрады: Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қызмет ету Мемлекеттік бағдарламасы туралы әдебиеттер. Бағдарлама Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтау кезіндегі, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қызмет етуін қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын енгізуді қамтиды. Көрменің екінші бөлімі тіл мәселелерін жан-жақты көтерген белгілі қазақ жазушылары – Абай Құнанбаевтың, А.Байтұрсыновтың, Х.Досмұхамедовтың, К. Жұбановтың, М.Әуезовтің, Ш. Сарыбаевтың еңбектеріне арналған. Үшінші бөлім қазақ тілін өзінің туған ана тіліндей  биікке көтере білген өзге ұлт өкілдері – Ш.Айтматовтың, Г.Бельгердің, А.Османқызының еңбектерін қамтиды. Сондай-ақ осы бөлімде қазақ тілін және Алматы қаласы Қазақстан халқы  Ассамблеясының Депозитарийі қорынан Қазақстан аумағында тұратын халықтардың тілдерін дамыту және үйрену бойынша кітап басылымдары ұсынылған.
   Әлем әдебиеті бөлімінің оқу залында ұсынылған кітап көрмесі анықтамалық және оқу әдебиеттерінен, Қазақстан халқы тілдерін үйрену жөніндегі құралдардан (Уйгур тили, Узбек тили, Deutsch, Le francais des affaires), анықтамалық материалдар мен сөздіктерден (түркімен-орыс, орыс-өзбек т.б.), Қазақстандағы ұлттық тілдерде шығарылған мерзімді басылымдардан (Саодат сари, ДiyaR, Аlмаtynski Kurier Polonijny, Уйғур авази, Ahiska) т.б.тұрады.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!   

    

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование