KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887264
2019 жылы:  20979
бүгiн:  1
қазiр:  39
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.09.2014

   2014 жылғы 26 қыркүйек, сағат 11.00-де Көрмелер залында  Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Қошанұлы Қошановтың 80 жылдық мерейтойына арналған  «Аманжол Қошанов» атты библиографиялық көрсеткіштің және 10 томдық жинақтың  тұсаукесері өтті.

  Көрсеткішті ҚР Ұлттық кітапханасы дайындады. Көрсеткіште ұсынылған материалдар 1964-2014 жылдар аралығындағы кезеңді қамтиды және А. Қошановтың мерзімді басылымдарға жарияланымдары, ғылыми еңбектері мен мақалалары, сөйлеген сөздері мен сұхбаттары, ғалымның қатысуымен шыққан басылымдар, ғылыми жетекшілігімен шыққан диссертациялар, әлем тілдеріндегі еңбектері, сондай-ақ, өмірі мен қызметі туралы материалдар енгізілген.
   Ғалымның 10-томдық жинағына Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының мәселелері жөніндегі таңдаулы еңбектері енгізілген.

   Тұсаукесердің модераторы: Экономика ғылымдарының докторы, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  – Оразәлі Сәбден.

   Тұсаукесерді ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы  Әлібек Асқар  құттықтау сөзбен ашты. 

   Сөз сөйлегендер: С.Сартаев – ҚР ҰҒА академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор; Ш.Беркімбаева – педагогика ғылымдарының кандидаты, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері; М.Спанов – Қазақстанның Даму институтының президенті; А.Нұрсейіт – Еуразия нарық институтының ректоры; С.Қирабаев – филология ғылымының докторы, профессор, ҚР ҮҒА-ның академигі, ҚР және Қырғызстан республикалары ғылымының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері; С.Құттықадам – журналист, саясаттанушы, қоғам қайраткері; С.Негимов – филология ғылымдарының докторы, профессор, Еуразия ұлттық университетінің ректоры және т.б.

   Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан Аманжол Қошановтың өмірі мен шығармашылығына арналған  «Академик Аманжол Қошанов» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде негізгі ғылыми еңбектері, монографиялар мен жарияланымдары ұсынылған: «Қазақстан экономикасы 60 жылда: қалыптасуы және дамуы», «Нарықтық экономиканың орысша-қазақша түсіндірме сөздігі», «Нарықтық экономиканың түсіндірме сөздігі», «Смешанная экономика: трансформационная модель развития Казахстана», «Смешанное общество: мировой опыт и Казахстан» және т.б., сондай-ақ, ғалымның жеке мұрағатынан алынған құжаттар да бар.

   Тұсаукесерге қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары, БАҚ өкілдері қатысты.

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование