KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887239
2019 жылы:  20954
бүгiн:  1
қазiр:  21
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.09.2014

   Әлем әдебиеті бөлімінің оқу залында белгілі американдық жазушы Джеймс Фенимор Куперге арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Джеймс Фенимор Купер (1789-1851)  – американдық романист және сатирашы, шытырман оқиғалы әдебиеттің классигі.
 Фенимор өмірге келісімен оның әкесі, судья, барынша бай әрі ірі жер иемденуші Фенимор Купер Нью-Йорк штатына қоныстанып, осында Куперстаун поселкесін құрды, ол кейіннен үлкен қалашыққа айналды. Поселкедегі жергілікті мектепте бастауыш білім алған Купер Йельск университетіне оқуға аттанады, алайда, университет курсын толық аяқтамастан, теңіз қызметіне кіріседі (1806-1811).
   Әдеби қызметін «Предосторожность» атты романынан бастады, алайда оны танымал еткен Америкада ғана емес, бүкіл Еуропада үлкен табысқа ие болған Купердің екінші романы, американдық өмір туралы «Тыңшы, немесе бейтарап территория жөніндегі аңыз» туындысы.
   Осыдан соң Купер америкалық өмірге арналған тұтастай романдар сериясын («Пионерлер» 1823; «Могиканның соңғы тұяғы» 1826; «Степи», немесе «Прерия» 1827; «Открыватель следов», немесе «Следопыт» 1840; «Охотник за ланями», немесе «Зверебой, немесе Первая тропа войны» 1841) жазды, бұл шығармаларда еуропалық-келімсектердің өзара соғысы, бұл соғысқа американдық үндістерді тарту, бір-біріне қарсы айдап салу арқылы қырқысуға мәжбүрлеу  әрекеттері суреттеледі. Аталған романдар сериясының табысы тым жоғары болғаны соншалық, ағылшын әдеби сынының өзі Купер талантын мойындауға тура келді және оны американдық Вальтер Скотт атандырды. 1826 жылы Купер Еуропаға аттанып осында өзінің жеті жыл өмірін өткізеді. Оқиға-әрекеттері Еуропада өткен бірнеше («Браво, или в Венеции», «The Hadsman», «Mersedes of Castile») романдары өмірінің осы кезеңінің жемісіне айналады.
   Ол, сондай-ақ, «Лоцман» (1823), «Қызыл қарақшы» (1827) тәрізді теңіз романдарын жазды. Еуропадан оралған соң «Моникиндер» (1835) атты саяси аллегориясын, американдық өмірге арналған бірнеше роман («Сатанстоу» 1845 т.б.) мен «Америкалық демократ» (1838) памфлетін жазды. Бұдан бөлек, «Америка флотының тарихы» (1839) атты шығармасын жазды. Фенимор Купер 1851 жылы 14 қыркүйекте ауыр науқастан қайтыс болды.

   Көрмеде Ұлттық кітапхананың қорынан алынған америка жазушысы Д.Ф. Купердің шығармалары және оның өмірі мен қызметіне арналған әдебиеттер ұсынылған.

   Кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование