KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887263
2019 жылы:  20978
бүгiн:  1
қазiр:  38
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.09.2014

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің оқу залында Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күні жыл сайын 30 қыркүйекте аталып өтеді. Бұл мереке әділеттің  ұлылығын сөзімен және ісімен дәлелдеп жүрген, конституция   сөздерінің мызғымауын қамтамасыз ететін заң  қауымдастығының барлық өкілдерін біріктіреді. Қоғам мен мемлекеттің  өркендеп дамуының негіздері мамандарының негіздері көбінесе заң мамандарының еңбегімен жасалады.
   Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі – өз құзыреті шегінде мемлекеттің құқықтық қызметін қамтамасыз ететін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалар  мен азаматтардың жұмысындағы  заңдық тәртіпті қолдайтын, азаматтар мен  ұйымдардың құқығын қорғауды және заңдық  мүдделерін қамтамасыз ететін  Қазақстанның орталық атқарушы органы. Әділет органдары қызметінің құқықтық негізін ҚР Конституциясы, ҚР «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы  Заңы, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері және халықаралық келісім шарттары құрайды. 
   ҚР Үкіметі жанындағы заң жобасы қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық  комиссия мүшелері, Парламент депутаттары, мемлекеттік орган, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес-қауымдастық, ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары өкілдері заңнамаларды жақсартуға  қомақты үлес қосады.
   Әділет саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні қызметтік міндетіне беріктігімен, адалдығымен және парасаттылығымен айрықша ерекшеленген қызметкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау,  мақтау қағаздары мен  бағалы сыйлықтар тапсыру салтанатты рәсімі өтеді.

    Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық қорынан кітапханасының нормативтік құқықтық актілер, халықаралық жеке құқық пен келісімшарттар бойынша материалдар, Қазақстанның көрнекті заңгер-ғалымдары туралы әдебиеттер және  заң тәртібі бойынша оқу құралдары  ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование