KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887223
2019 жылы:  20938
бүгiн:  1
қазiр:  6
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

01.10.2014

   2014 жылғы 1 қазан, сағат 15.00-де Үлкен залда белгілі жазушы, «Құрмет» орденінің иегері, «Жалын» баспасының директоры Б.Нұржекеевтің «Сиқыр сезімдер симфониясы» атты шығармашылық кеші және 13 томдық шығармаларының тұсаукесері өтті.

   Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы, Қазақстан Жазушылар Одағы.

   Нұржекеев Бексұлтан 1941 ж. 22 ақпанда Талдықорған облысының  Ақжазық ауылында  туған. 1965 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) филология факультетін бітірген. 1965-1968 ж. Талдықорған облысының Панфилов ауданына қарасты Үшарал орта мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, 1968-1969 ж. Панфилов аудандық комсомол комитетінің екінші, бірінші хатшысы, 1969-1972 ж. Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің нұсқаушысы, 1972-1976 ж. «Жалын» альманахының, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, 1976-1986 ж.  «Жалын» баспасы бас редакторының орынбасары, бас редакторы, 1986-1989 ж. «Парасат» журналының бас редакторы қызметтерін атқарды. 1992 жылдан «Жалын» баспасының директоры.
   Оның «Кінәлі махаббат» атты алғашқы повесі 1968 ж. «Жұлдыз» журналында жарияланды. Шығармалары: «Күй толғақ» (1972), «Күтумен өткен ғұмыр» (1974), «Бір ғана махаббат» (1982),  «Өзендер өрнектеген өлке» тарихи-этнографиялық эссе (1984), «В ожидании» (1985), «Ерлі-зайыптылар» (1987), Бейтаныс әйелдің құпиясы (2002), «Әйел жолы – жіңішке» (1998) және т.б. Оның «Ой ұшқын» (2003) атты жинағына Әсет, Сара, Төребай ақындар, Қабанбай, Бөгенбай және Ағынтай батырлар жайлы эсселері топтастырылған. «Өнер құдіреті» туындысында (2003) К.Байсейітова, Ж.Омарова, М.Төлебаев, Д.Рақышев және өнер қайраткерлерінің шығармашылық өмірі суреттелген.
   Б.Нұржекеев Алматы облысының және Панфилов ауданының Құрметті азаматы. Қазақстан Республикасының «Құрмет» (2000), «Парасат» (2008) ордендерімен және «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

   Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Б.Нұржекеевтің шығармашылығына арналған «Сиқыр сезімдер симфониясы» атты көрме ұйымдастырылды.

   Кешті ҚР Ұлттық кітапханасының бас  директорының бірінші орынбасары Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, Қазақстан жазушылар одағы сыйлығының иегері, белгілі жазушы К.Сегізбаев жүргізді.

   Іс-шарада сөз сөйлегендер: Филология ғылымдарының докторы, профессор А.Ісмақова, жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлығының иегері Д.Исабеков, белгілі ақын, «Алаш», Түркі әлемі «Ақбозат» және Мұқағали атындағы әдеби сыйлықтарының лауреаты О.Асқар, Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, ақын М.Райымбекұлы, жазушының әдеби әріптесі, замандас досы, ақын, аудармашы Қ.Құрманғалиев, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ж.Қорғасбек. Мәдениет қайраткері, әнші, домбырашы Н.Жанпейісов, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның 2 курс студенті А.Жаңабаев және жазушының немересі музыкалық сәлемдеме орындады.

   Қатысушылар: танымал ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, әдебиеттанушылар, Алматы қаласының кітапханашылары, жоғары оқу орындарының студенттері, ҚР Ұлттық кітапханасының оқырмандары, БАҚ өкілдері.

   

   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование