KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887221
2019 жылы:  20936
бүгiн:  1
қазiр:  4
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.10.2014

   2014 жылғы 8 қазан, сағ.15.00-де Үлкен залда композитор, Қазақстанның халық әртісі Сыдық Мұхамеджановтың 90 жылдығына орай еске алу кеші өтті.

   Іс-шара Ұлттық кітапхананың Өнер бөлімі жанындағы «Інжу-маржан» клубы аясында өткізілді.

   Мұхамеджанов Сыдық (1924-1991ж.) – Қарағанды облысының Шет ауданында дүниеге келген. 1957 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының композиторлық бөлімін бітірген. Консерваторияда оқыған жылдары ол Қазақ радиосында музыкалық редактор болды және Мәдениет министрлігінде қызмет етті. 1960-1962 ж. Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы, 1964-1968 ж. Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры әрі көркемдік жетекшісі, 1969-1972 ж. Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры қызметтерін атқарды.
   Композитордың қазақ ән өнерінде «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да», «Өзгеге көңілім тоярсың», «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» Абай әндері ерекше дараланды. Лирикалық «Көктем вальсі», «Сырлы қайың», «Шолпаным», «Тербеледі тың дала», «Жастар маршы», «Қырманға кел, қалқатай» т.б. әндері мен романстары ел арасында кең тараған. «Шаттық Отаны» симфониялық поэмасын, «Бекет», «Ақан сері – Ақтоқты», «Айсұлу», «Жұмбақ қыз» операларын, «Ғасырлар үні» ораториясын жазды. «Алдар көсе», «Ботагөз», «Рәбиға», «Беу, қыздар-ай», «Сәуле» және т.б. спектакльдерге, «Ана мен бала», «Біз Жетісуданбыз», «Алдар көсе», «Арманым менің», «Партизан қызы» кинофильмдеріне музыка жазды.
   КСРО-ның «Халықтар достығы», «Қазан революциясы», «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.

   Кеш аясында Сыдық Мұхамеджановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақ музыкасының дарабозы» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Кешке мәдениет және өнер қайраткерлері, Қазақстанның халық әртісі Нариман Қаражігітов, музыка зерттеуші Сара Күзембаева, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының әншісі Рымкеш Жұмаділова, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерватория және Т.Жүргенов атындағы академияның студенттері қатысты.

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование