KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887303
2019 жылы:  21018
бүгiн:  1
қазiр:  44
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.10.2014

   2014 жылғы 15-16 қазанда Алматы қаласында «Алматы – Достастықтың мәдени астанасы» іс-шаралары аясында «ХХІ ғасыр кітапханалары: жаңа көкжиектер» атты халықаралық кітапханалық конференциясы өтті.

   Конференцияны ұйымдастырушылар – Алматы қаласының Мәдениет басқармасы,  «Рейтинг» Қоғамдық қоры, Қазақстан Республикасының Кітапханалық Ассоциациясы, ҚР Ұлттық кітапханасы, Алматы қаласының ОКЖ, С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасы.
   Халықаралық конференцияның басты мақсаты – ақпарат аясында өзгерудің әлемдік беталысын ескере отырып, Қазақстандағы кітапхана ісін дамытудың  жаңа стратегиясын айқындау болды.
   Конференция жұмысына Қазақстанның барлық облыстарынан 250 делегат, сонымен қатар Ресей, Беларусь, Украина, Молдова, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан  және т.б. елдерден белгілі кітапхана мамандары қатысты.
   Конференция аясында пленарлық және секциялық отырыстар, Алматы қаласының үздік кітапханашыларын марапаттау рәсімі өтті. Қатысушыларға шығармашылық мастер-класстар, перфоманстар, семинарлар ұйымдастырылды. Негізгі жаттықтырушылар ретінде: Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің профессоры Степанов В.К., Мәскеу қалалық кітапхана орталығының қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы Ландер А.А., Ресей Ғылым академиясының ИНИОН ғылыми жұмыстар жөніндегі директорының орынбасары Чёрный Ю.Ю. болды.
   16 қазанда конференция аясында Ұлттық кітапханада «Қазақстан кітапханаларының ақпараттық ресурстары мен технологияларының  жаһандық трансформациясы» тақырыбында секция өтті. Секцияға қатысушылар кітапхана тәжірибесіндегі жаңа ақпараттық, компьютерлік және Интернет-технологияларды дамытудың маңызды мәселелері туралы тыңдап, талқыға салды.
   Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің профессоры Степанов В.К., Беларусь ұлттық кітапханасының директорының орынбасары Долгополова Е.Е., Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасының Электрондық ресурстарды басқару қызметінің жетекшісі Жолдыбалинов Н.Н. және т.б. баяндама жасады.

   Ұлттық кітапхана фойесінде қазақстандық баспалар мен кітапсауда ұйымдарының қатысуымен кітап жәрмеңкесі өтті.

   Халықаралық конференцияға қатысушылар Қазақстанның кітапхана ісінің жағдайын жақсартуға мемлекеттік қолдау көрсетудің өзекті мәселелері бойынша: кітапхана ісінің нормативтік-құқықтық базасын цифрлық технологиялардың дамуы есебінде жетілдіру, Қазақстандағы жетекші кітапханаларды Кітапханалық-ақпараттық орталықтарға трансформациялау, Қазақстандық ұлттық электрондық кітапханасының (КазҰЭК) жиынтық Интернет-порталына қолдау көрсету, барлық жүйелер мен ведомстволық кітапханалар қызметін үйлестіріп және мемлекеттік кітапхана саясатын жасау мақсатында Ведомствоаралық кітапханалық-ақпараттық кеңес құру, кітапхана мамандарын даярлау және қайта дайындау базасын нығайтуға байланысты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне Ұсыныс дайындалды.

  

   

   


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование